15 Қыркүйек, 2015
905
Өңірде ұлтаралық қатынасты нығайту үшін ұсыныстарды жинау мақсатындағы отырыс
15 қыркүйекте Бөрлі ауылдық округінде БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ және Бөрлі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өңірде ұлтаралық қатынасты нығайту үшін ұсыныстарды жинау мақсатында отырыс өткізілді.

Ұлтаралық қатынастар бойынша мәселелерді талқылау мақсатында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Сафималиев А.С., аудандық ішкі саясат бөлімі, қоғамдық бірлестіктер төрағалары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, қоғамдық келісім кеңесі, ардагерлер кеңесі, ауылдық округ әкімдері, аналар кеңесі және кәсіпқой емес медиаторлармен жастар қатысты.
Жиналыс барысында БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері дайындаған «Қоғамдық келісім» КММ туралы жалпы ақпаратты сараптама-талдау бөлімінің қызметкері Сағатов А.Б. таныстырып өтті. Сондай-ақ, сараптама-талдау бөлімінің басшысы Жумина А.Т. «Қоғамдық келісім» КММ-нің негізгі жұмысының бағыты мен мақсаттарына және міндеттеріне тоқталып, Бөрлі ауданындағы ұлтаралық қатынастарды әлеуметтік зерттеудің 2-кезеңі бойынша қысқаша ақпарат берді.
Бөрлі ауданы бойынша қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Измағамбетов Ибрагим Тайырұлы қоғамдық келісім кеңесінің ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында жүргізіп отырған жұмысы туралы баяндады.
Кездесу аяғында Бөрлі ауданы бойынша этносаралық және ұлтаралық келісімді нығайту үшін басқа мемлекеттік органдармен, азаматтық институттармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жұмыс істеудің жаңа бағыттары талқыланды.
БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ сараптама талдау бөлімі
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті