03 Шілде, 2017
792
Өңірлік этномәдени бірлестіктер Астанада өнер көрсетті
2017 жылдың 29 маусымы күні Елордасы Астана қаласында «ЭКСПО-2017» шеңберіндегі Ақтөбе облысының күндері аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара ең алдымен этстар арасындағы келісім мен достық қарым-қатынасты сақтауға, ұлттық төл мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті нығайту, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталды.
Астана қаласының орталық саябақтарының бірінде облыстық славян, татар мен башқұрт, кәріс, сыған, неміс және украин этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары және «Достық сазы» фольклорлық ансамблі мен «Аққу» би ансамблінің қатысуымен мерекелік концерт қойылды.
Іс-шара барысында Астана халқын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің қызметімен таныстыратын көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан халқының көпқырлы мәдениеті көрініс тауып, қолданбалы қазақ өнерінің бұйымдары сатылымы өтті, қонақтарға ұлттық тағамдар бауырсақ пен шұбат таратылды.
Мерекеде сан-қырлы тілдегі әндер шырқалып, кәрістің желпуіш, украиндықтардың қасықпен және басқа да дәстүрлі билер қойылды. Астаналықтар татар баянының, сыған гитарасының әуеніне қосылып ән салып, биледі. «Жаса Қазақстан» әнімен концерт өз мәресіне жетті.
Мерекеде жарқын көрініс 90-нан астам ұлт өкілі тұратын Ақтөбе өңірі Астана халқын көпұлттылығы, бірлігі пен татулығымен тамсандырғаны сөзсіз. Отанымыз ортақ – ол Қазақстан!
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті