Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Наурыз, 2016

1082

«Әкем, анам және мен – спортшы және жігерлі отбасымыз»

 

Наурыз мейрамы аясында Қарағанды экономикалық университетінде Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен «Әкем, анам және мен – спортшы және жігерлі отбасымвз» атты спартакиада өтті.

Спорттық іс-шараға төрт команда қатысты. «Дружба» қытай мәдени орталығынан Ян Дэ-Си, жұбайы Чернецкая Ольга және немересі Лю Мишель, облыстық «Полония» поляк қоғамы атынан Генрих және Любовь Сроки қыздары Габриеламен қатысты, Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігінен Александр және Анастасия Витвицкийлер ұлы Степанмен келді. Сонымен бірге, Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінен Біләловтер отбасы төртінші команданы құрады.

Сайыстың негізгі мақсаттары – отбасыда салауатты өмір салтын қалыптастырып, балаларды жүйелі түрде спортпен айналысуға қызығушылығын арттыру.

Ұйымдастырушылар жарысты жеті кезеңмен өткізді. Командалар «Желаяқ», «Доп эстафетасы», «Шегірткелер», «Батырлар», «Үрлемелі шарлар эстафетасы», «Допты жүргізу эстафетасы», «Комбинациялы эстафета» айналымдары бойынша сайысқа түсті.

Эстафетаның бірінде аналардың басқаруымен, балалар баскетбол добын ирек тұрғылар арасымен өткізуде топтардың ширақтығы анықталды. Осы эстафетада әкелер артқа қарап отырған күйде ирек тұрғылар арасымен футбол добын аяқпен теуіп, команданың алға шығуын қамтамасыз етті. Кейінгі кезеңдерде аналар белде шеңберлерді айналдырудан жарысты. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің барлығы белгілі бір қашықтықты бірге жүгіріп өту жарысында шапшаңдық таныту жарысының маңызы зор болды. Сайыс кезеңдерінде әрбір отбасы ұйымшылдық танытып, командада жұмыс істей алатындарын байқатты.

Қорытынды есеп бойынша, Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінен қатысқан Біләловтер отбасы жеңіске жетті. Екінші орынға облыстық «Полония» поляк қоғамы атынан қатысқан Сроки отбасы лайықты деп танылды. Үшінші орын жүлдесін «Дружба» қытай мәдени орталығы және Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігі намысын қорғаған екі команда бөлісті.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында Қарағанды экономикалық университеті мерекелік концерт өткізіп, іс-шара аясында жарысқа қатысқан барлық қатысушылар марапатталды. Барлық командалар  жүлдесіз қалмады. Бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар, ата-аналарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

«Отбасылық жарыстың Наурыз мейрамында ұйымдастырылуының мәні зор. Көктемнің ерекше мерекесін отбасымызбен асыға күтеміз. Бұл іс-шараға қатысуға үлкен қызуғышылық білдірдік, нәтижесі жемісті. Аталмыш жарыстың қаламызда дәстүр болып қалыптасуынан ниеттіміз. Алдағы уақытта өз тарапымыздан осындай іс-шараны ұйымдастыру ойымызда», - деп өз пікірімен бөлісті «Дружба» қытай мәдени орталығының төрағасы Ян Дэ Си. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қай команданың жүлделі орынға ие болатыны маңызды болған жоқ. Ең бастысы, әр команда ұйымшылдық пен татулығы жарасқан отбасы екендігін көрсете білді. 

   

   

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: elisim.kz

 

Кейін қарай