Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Тамыз, 2015

949

«ҚХА-20 ізгі іс» республикалық акциясы жалғасуда

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі «Ало-Тоо» қырғыз этномәдени бірлестігімен бірлесе отырып «Қазақстан халқы Ассамблеясының – 20 ізгі іс» республикалық акциясы аясында Маңғыстау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне, облыстық білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасына», облыстық мамандандырылған балалар үйі мен отбасылық үлгідегі балалар ауылына көкөніс өнімдері мен жеміс-жидектер сыйлады. Акция Маңғыстау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінен бастау алды.

Аталмыш іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. «Ала-Тоо» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрбанәлі Ғазибеков өз сөзінде жыл сайын әлеуметтік маңызы бар орындарға қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысатындарын айтты.

Қайырымдылық акцияға қырғыз этномәдени бірлестігі, Маңғыстау облысы әкімі аппараты жанынан ашылған «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен «Ақжол» Маңғыстау жастар қанатының белсенді жастары қатысты. «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Жайылханова: «Биылғы жыл ерекше. Себебі, биыл ҚХА 20 жылдығы. Осыған орай, Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлестіктер көптеген жұмыстар атқаруда. «ҚХА-20 ізгі іс» республикалық акциясы мұнымен тоқтап қалмайды. Әлі де өз жалғасын табатын болады. Игі іс облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінен басталды. Қарттар үйінің ақсақалдары біздің қайырымды ісімізге алғасын айтып, ақ батасын беріп жатыр»,-деді.

Іс-шара барысында әрбір әлеуметтік маңызы бар мекемелерге 1 тоннадан аса жеміс-жидек пен көкөніс үлестірілді. Акцияға қатысушылар аталмыш іс-шара мұнымен тоқталып қалмай, әлі де жалғасын табатынын айтты.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.

Кейін қарай