24 Тамыз, 2015
920
«ҚХА 20 жыл – жаңа кезең. Біртектілік пен бірлік»
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблея кафедрасында:, «ҚХА 20 жыл – жаңа кезең. Біртектілік пен бірлік» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылар тобы, БҚО ҚХА хатшылығының басшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

«Дөңгелек үстел» модераторы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің стратегиялық даму және сапа Департаментінің директоры, БҚО ҚХА ҒСТ төраға орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Юров Олег Винадьевич болды. Отырысты М. Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры, профессор Асет Тасмағамбетов кіріспе сөзбен бастады.
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары, БҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Капаков Ғайса Хамидоллаұлы өз сөзінде Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды жүзеге асыру бойынша жоспары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы алдындағы міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар ол Ассамблеяға жаңа статус беретін, ҚХА сессиясын өткізудің жаңа форматын анықтайтын ҚХА туралы жаңа Заңды қабылдау күтілетінін атап өтті.
«Қоғамдық келісім» КММ, ғылыми-сараптама бөлімінің басшысы Жумина Асия «дөңгелек үстел» қатысушыларына мекеме жұмысы туралы, соның ішінде қазіргі уақытта жасалып жатқан жұмыстар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде ақпарат берді. Асия Толеубаеваның айтуы бойынша, Өтемісов атындағы БҚМУ негізінде, облыстың барлық аудандары,кенттік округтері, облыс орталықтарында қоғамдық келісім кеңестері құрылуда . ҚХА жанында еріктілер қозғалысы, Достық клубтары қалыптасуда, сондай-ақ «Асар» акциясы жүзеге асып, «Қоғамдық келісім» мекемесімен бақыланатын жастар қанаты, ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі жұмыс жасайды. Ал М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанында БҚО ҚХА кафедрасы құрылды.
Сонымен қатар, Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында аймақтарда «Қоғамдық клісім» КММ негізінде жұмыс жасайтын медиация орталықтары ашылатынын хабарлады.
БҚО «Қоғамдык келісім» КММ
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады