
10 Наурыз, 2016
1515
«ҚХА – үлкен және тату отбасы» ең үздік эссе байқауы
Қазақстан ҚХА құрылған күніне орай бірінші рет 1 наурыз Алғыс айту күні аталып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев елімізде жаңа мереке Алғыс айту күнін бұдан былай Ассамблеяның құрылған күнінде атап өту туралы 2016 жылдың 14 қаңтарындағы Жарлығымен бекітті. Алғыс айту мерекесін белгілеу туралы Елбасы ҚХА құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізілген мерекелік сессиясында ұсыныс айтқан болатын.
Алғыс айту күнін мерекелеу шеңберінде Тараз қаласындағы №9 орта мектепте Жамбыл облысы ҚХА мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен орыс тілінде «Ассамблея народа Казахстана - большая и дружная семья» тақырыбында ең үздік эссе байқауы өтті.
Байқауға 14-18 жас аралығындағы қала мектептерінен 30 оқушы қатысты. Байқауға қатысушылар 60 минут көлемінде ұсынылған тақырып бойынша эссе жазды. Әділ – қазылар алқасының құрамына облыстық білім басқармасы оқу – методикалық бөлімінің басшысы, «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» орыс тілі пәнінің мұғалімі, облыс ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы кірді. Жұмысты бағалауда сауаттылық денгейі, тақырыптың ашып көрсетілуі, әдеби жанрда жазылуы ескерілді.
Конкурс қортындысы бойынша №41 көп салалы гимназияның 9-г сынып оқушысы Айдаралиева Айжан жеңімпаз атанды, бірінші орын №24 гимназия 8-б сынып оқушысы Миндубаева Сабина, №9 орта мектептің 9-б сынып оқушысы Ниязова Низана, екінші орын №1 гимназияның 10-б сынып оқушысы Сахранова Вера, №40 гимназияның 11-сынып оқушысы Шерімбекова Камилла, үшінші орын №2 орта мектебінің 9-а сынып оқушысы Сапарғалиқызы Аружан иемденді. Ынталандыру сыйлығын №41 көп салалы гимназияның 10-сынып оқушысы Елеушова Диана, №9 орта мектеп 11-а сынып оқушысы Ескандарова Анифа, №33 орта мектептің 10-б сынып оқушысы Шабдурахманова Хилола және №11 орта мектептің 10-сынып оқушысы Слипченко Ирина иеленді. Барлық жеңімпаздар 1,2 және 3 дәрежелі дипломдар мен және естелік сыйлықтарымен, ал қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті