
26 Сәуір, 2017
1134
«ҚХА-ның «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өтетін XXV сессиясына дайындық туралы» баспасөз конференциясы
2017 жылғы 25 сәуір күні Орталық коммуникациялар қызметі алаңшасында «ҚХА-ның «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өтетін XXV сессиясына дайындық туралы» баспасөз конференциясы болып өтті.
Баспасөз конференциясының спикерлері ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Прокопенко Леонид Андреевич, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Хочиева Людмила Хисаевна, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесі төрағасының орынбасары Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Споткай Максим Александрович болды.
Баспасөз конференциясы барысында қатысушылар ҚХА-ның «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өтетін XXV сессиясына дайындық барысы және сессияға орай өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді.
***
2017 жылғы 26 сәуірде сағат 15.00-де Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтеді.
XXV сессияның жұмысына 1 500-ден астам қатысатын болады. Олардың ішінде Ассамблеяның барлық өңірлерден келген мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ-ның басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.
Сессия соңында мерекелік концерт қойылады.
ҚХА-ның XXV сессиясының қарсаңында, 2017 жылғы 25 сәуірде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы болады, оның барысында ҚХА қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қаралатын болады.
***
Бүгінде ҚХА белсенділері қатарында 155 000 адам, 1032 этномәдени бірлестіктер бар. Қазақстан өңірлерінде 25 Достық үйлері жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында Ғылыми-сарапшылық кеңес, өңірлерде 16 ғылыми-сарапшылық топ, Медиация кеңесі, 1713 Аналар кеңесі, 2866 Қоғамдық келісім кеңесі, журналистер клубы, ҚХА-ның 31 кафедрасы, сондай-ақ ҚР Парламентінің Мәжілісінде ҚХА депутаттық тобы жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шымкент қаласы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
сегодня, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шымкент қаласы