Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Тамыз, 2015

3185

«ҚХА жастары -2015» форумы

2015-жылғы 15-16 тамыз күндері Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының «Кооператор» сауықтыру орталығында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктер жастарының қатысуымен «ҚХА жастары -2015» атты форум өтті.

2015-жылғы 15-16 тамыз күндері Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының «Кооператор» сауықтыру орталығында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктер жастарының қатысуымен «ҚХА жастары -2015» атты форум өтті.

Форумның ашылу салтанатында Форумға келушілерді құттықтап, тілек білдірген облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Л. Лысова форумның мақсаты мен маңызын түсіндіріп, Елбасымыздың ұстанымы халықтың бірлік пен ынтымағы екендігін айта кетті.

Форум барысында Ғылыми сараптамалық қолдау бөлімінің жетекші сарапшысы Н.Қахаров «Мәдени көпшілік орталықтарда қарым-қатынас жасаудың ерекшеліктері» тақырыбында, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы С. Кислов тренингтер өткізді, ал «Бітімгершілік  және құқық орталығының» бітімгері Л.Сафонова «Бітімгершілік - бұл керемет» тақырыбында жастарға логикалық ойындардың алуан түрлерін өткізді.

Ғылыми сараптамалық қолдау бөлімінің жетекшісі П.Мамедова «Жас отбасын нығайту жолы мен этностық топтардың моральдық және рухани құндылықтарын насихаттау» тақырыбына баяндама оқыды. «Немістер қоғамы» этномәдени бірлестігі жастар қанатының көшбасшысы Д.Барсукова, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жастар орталықтарымен жұмыс жөніндегі әдістемешісі И.Кислова  этномәдени бірлестіктер жанындағы жастармен шеберлік сыныптар жүргізді. Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы К.Нарбатыров, «Шынықсаң шымыр боласың» деген қанатты сөздерді ойға түсіре келе, жастардың күш-қуаты мен білімдерін сарапқа салатын әртүрлі мәдени ойын-сауық бағдарламалар өткізді.

Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің режиссері К.Қасенов ұлттық бренд бұйымдарының жәрмеңкесін ұйымдастырып,  қазақтың қара домбырасы, үлкен бауырсақ,  түйе жүннен жасалған көрпеше, қазақтың дәстүрлі сусыны  қымыз жәрмеңкеге  шығарылды.  Жастар уақыттырын тиімді пайдаланып қызығушылықпен жұмыс істеді.

Өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі Мұсаханов Марғұлан Сырымұлы: «Біз, Жамбыл облысы этномәдени орталықтарының жастары, Елбасымыздың 5 институционалдық реформа - 100 нақты қадам тапсырмасын талқылап, жастарға түсіндіру мақсатында облыстық форумға келіп отырмыз. Бұл форумнан өзімізге алатынымыз: өзге жастармен тәжірибе алмасу, жаңа достар табу, сөйтіп, облыс жастарының өзара қарым-қатынасы нығайтамыз деген сенім» - деді.

Кейін қарай