26 Қазан, 2016
934
«Әлем. XXI ғасыр» арнайы жастар сессиясы
2016 жылдың 26 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Н.П.Калашникованың «Әлем. XXI ғасыр» халықаралық арнайы жастар сессиясының қатысушыларымен кездесуі өтті. Аталған сессия Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жастар кеңесіндегі Қазақстан Республикасы төрағалығының аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Түркия Республикасы, Беларусь Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Монғолия елдерінің жас көшбасшылары қатысты.
Кездесу барысында директор Н.П.Калашникова Қазақстандағы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлікті нығайтудағы ынтымақтастық жөнінде сөз сөйледі. ШЫҰ елдерінің жас көшбасшыларына Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен қызметін, Ассамблея аясында жүзеге асып жатқан негізгі және жастарға бағытталған жобалармен толыққанды таныстырды.
Кездесу соныңда қатысушылармен қызу талқылау болып, ҚХА қызметіне байланысты сұрақтарға нақты жауап берілді. Әсіресе қатысушыларды «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы мен «Бірлік-Единство.kz» халықаралық жастар лагерінің ұйымдастырылуы, мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың әдістері аса қызықтырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті