Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Желтоқсан, 2015

1149

«Әлеуметтік тәрбие – өмір сапасының негізгі мәнді факторы ретінде»

Осы тақырыптағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы келісімшарт негізінде, халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру мақсатында өткізілді.

Осы тақырыптағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы келісімшарт негізінде, халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру мақсатында өткізілді.

Конференция жұмысына мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орыбасарлары, психологтар мен әлеуметтік педагогтар, класс жетекшілері мен топ кураторлары қатысты.

Конференцияның ашылуында Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Гаухар Құрманалықызы Шерниязова сөз сөйледі.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық бөлімінде педагогика ғылымының докторы, ОМПУ профессоры С.В.Сальцева «Социальное воспитание и фундаментализация менталитета педагога» тақырыбында, Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.д. С.П.Тенеряднова «Судьба образования – в сердцах и делах студенческой молодежи» тақырыбында, ОМПУ аспиранты А.У.Турниязова «Общество, Семья, Человек как ключевые категории воспитательного взаимодейтсвия» тақырыбында сөз сөйледі.

 

Конференция аясында әлеуметтік тәрбие мәселелері бойынша шеберлік сабақтары өтті.

Конференцияға қатысушыларға халықаралық үлгідегі қатысушы сертификаттары табысталды.

Іс-шараға «Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, мектеп директорларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқытушылары, Ақтөбе облысы саясаткер әйелдер клубының мүшелері, ЭМБ өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

«Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі

Кейін қарай