14 Шілде, 2016
3309
«Үлкен ел - үлкен отбасы»
Қостанай облысында осы атаумен республикалық жобаны іске асыру басталды.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлованың айтуынша осы жоба біздің республикамыздың әрі қарай дамуына үлкен үлесін тигізеді.
- Болашағы біртұтас ұлт – бұл үлкен ел және үлкен отбасы, әр азамат, әр қазақстандық өзінің орнын, қызметін және өмірінің мәнін сол жерден таба алады, - деп атап кетті Гүлвира Жазитқызы.
- Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 100 қазақстандық этностың шамамен 100 қайталанбас ерекшелігі бар және олар біздің біртұтас ұлтымыздың бірегейлігі. Бізде әр этнос өзінің өмір өрнегін басқа этностың мәнерімен байланыстырады. Және бәріміз Қазақстан атты бірегей, түрлі-түсті, баға жетпес ұлы тарихты құраймыз!
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қорғамдық келісім» КММ өкілдері облысымыздың әр аудандарында Қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми-сараптама тобы және медиаторлар ассоциациясын қатыстыра отырып, «Этносаралық және конфессияаралық қатынастарда қоғамдық келісім, тағаттылық мәдениетін қалыптастыру» және «Қазақстан Республикасы аумағында медиацияны дамыту туралы» тақырыптары бойынша секциялық сабақтар, жаттығулар ұйымдастыруда.
Аудандық мәдениет үйлерінде этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өздерінің өнерлерін көрсетіп, «Ассамблея тұлғалары» және «Біз – бір ел балалары» атты көрме ұйымдастырды.
«Үлкен ел – үлкен отбасы» сияқты маңызды жобаның маңыздылығын және қажеттілігін, өзінің мысалдарын келтіру арқылы жеткізіп жүрген біздің спикерлерді, әртістерді әр өңір жылы қабылдайды. Болашағы үлкен ел, үлкен отбасы туыстық көзқарас, достық, өзара көмек, бейбітшілік, келісім және қолдау құндылықтарымен өмір сүруі керек. Жаңа жалпыұлттық жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының идеясын қисынды түрде жалғастырады және дамытады, - деп атап көрсетті «Қостанай облысы әкімдігінің «Қорғамдық келісім» КММ басшысы Қ. Сандыбаева.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті