Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қараша, 2015

918

«Үлкен ел - үлкен отбасы» атты форумы

2015 жылғы 12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында «Үлкен ел – үлкен отбасы» форумы өтті. 

2015 жылғы 12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында «Үлкен ел – үлкен отбасы» форумы өтті.

Аталмыш іс-шара колөнер шеберлерінің және «Дастархан достық» ұлттық тағамдар көрмесінен бастау алды. Бүгінгі күні Мағжан Жұмабаев ауданындағы барлық іс-шараларға белсенділік танытатын 12 этномәдени орталықтар қызмет атқаруда. Мерейтой жылында ауданда тағы 2 этномәдени орталық ашылды. Бұл «Мақсат» қазақ орталығы және «Горлинка» орыс орталығы. 

  

Форум қатысушылары мен қонақтарына өзінің құттықтау сөзін арнаған аудан әкімі Асқар Бегманов: «Белгіленіп, 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылы болып жарияланды. Президент 20 жыл бұрын, этникааралық қарым-қатынас үйлесімінің күшті қоғамдық институтын құру туралы ерекше шешім қабылдады. Ол бүгін еліміздегі тұрақтылықты нығайтуда және сақтауда баға жетпес үлес қосуда», - деді.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына арналған форум, ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасының, ұлттық идеясын жалпыхалықтық қолдаудағы жарқын демонстрациясы болды. 

  

Салтанатты іс-шара барысында аймақтағы ұлтаралық бірлік және келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін аудан өкілдері облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Үлкен ел - үлкен отбасы» форумына Қызылжар және Аққайың аудандарының өкілдері де қатысты.

Форум аудандық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.

Кейін қарай