30 Сәуір, 2016
1083
«Үлкен ел-Үлкен отбасы» фестивалі
«Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы – бүгінде белсенді түрде іске аса бастаған, Елбасы ұсынысымен қолға алынған тың бастаманың бірі. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамымыздағы беделін арттыра отырып, еліміздегі ұлт, ұлыстардың ауызбіршілігін нығайтуды басты мақсаты еткен бұл жобаның берері мол.
Ассамблея мүшелерімен қатар, барлық қоғамдық ұйымдар мен жалпы халықтың ерекше ықыласына ие болған бастама, айналып келгенде, Елбасы ұсынған «100 нақты қадамды» іске асыруға бағытталып отыр.
1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында, Тараз қалалық мәдениет үйінде, ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Үлкен ел-Үлкен отбасы» жобасы аясында, Жамбыл облысы аппараты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен, этномәдени бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен «Үлкен ел-Үлкен отбасы» атты фестиваль өткізілді.
Фестивальға жалпы 200 ден астам адам қатысты олардың ішінде этномәдени орталықтардың мүшелері, «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері, оқу орындарының білімгерлері мен Тараз қаласының тұрғындары қатысты.
Жеткен арман — жаса Тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерлік, тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік – шаттығы ғой жерімнің,
Қолға қонған бақ құсындай аялаған
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің, - деп фестивальды ашты жүргізушілер Камал Нарбатыров пен Дарья Бурмакина.
Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Зүбайра Сембина фестиваль қатысушылары мен көрермендерін мамыр мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, ашық аспан және де «Қазақстан» деп аталатын «Үлкен отбасымызға» тек бейбітшілік пен келісім тіледі.
Фестивальдың концерттік бағдарламасында «Шолпы» би ансамбілі Қазақ биін, «Дарын» дуэті «Арманға» атты әнін, «Астэри» ансамблі грек биін «Каламатянос», Беляева Антонина «Я люблю свою землю», Осман Делихасан-Оглы күрді әні «Эльбурс орайда», «Ғұнча» ансамблі Ұйғыр биін, Аббасов Мамедали «Дарыхдым», Нурасилов Руслан Поляктың халық әні
«Сұлу қызды» орындап көрермендердің ілтипатына ие болды.
Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева көркемөнерпаздарға «Алғыс хаттарын» табыс етті.
Фестиваль соңында барлық қатысушылар мен көрермендер «Әулие-Ата» қазақ этномәдени орталығының «Алға» дуэтімен «Алға Қазақстан!» әнін орындады.
Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
сегодня, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады