07 Желтоқсан, 2015
1396
«Үлкен ел – үлкен отбасы» форумы
2015 жылғы 7 желтоқсанда Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын қорытындылауға арналған Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» форумы өтті.

Форумның басты мақсаты - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асырудағы халықтың азаматтық белсенділігін жоғарылату.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары–хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Жамбыл облысының әкімі, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы К.Н.Көкрекбаев, ҚХА және өңірлік ассамблеяның мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мекеме, ұйым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыс тұрғындары қатысты.
Форумға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықоваға құттықтады.
Жамбыл облысының әкімі, аймақтық ҚХА төрағасы К.Н.Көкрекбаев ассамблея жылының қорытындысы жайлы баяндама жасады.Ол өз сөзінде ҚХА жылына, «ҚХА-20 ізгі іс» эстафетасына, «Бейбітшілік және келісім жол картасы» мега жобасына, «ҚХА-2015 жастары» этномәдени бірлестік жастарының облыстық форумына этнос өкілдерінің бір кісідей ат салысқанын атап өтті. Белсенді қатысушы қайырымды және жебеуші азаматтарға алғыс хаттар мен «ҚХА жылының белсенді қатысушысы» мүсіншелерін тапсырды.
Форумда сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов өз сөзінде өткізіліп отырған іс-шараның үлкен мән-мағынасы бар екенін айтты.
Сондай-ақ, іс-шара барысында Республикалық жобалардың жеңімпаздарына алғыс хаттар және естелік сувенирлер тапсырылды.
960 адамның басын қосқан Форум Жамбыл облыстық филармониясының әншілерінің орындауындағы «Қазақстан» патриоттық әнімен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті