Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қараша, 2016

1434

«Үлкен ел – үлкен отбасы» фотоэкспозициясы

2016 жылдың 27 қарашасы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту   аясында ұйымдастырылған «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 тұғыры» 25 жұлдызды күн» жалрыреспубликалық акциясы аясында «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотоэкспозициясы мен этномәдени бірлестіктердің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастырушы Ақтөбе облысының әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-і болып табылады.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты мен қала тұрғындары қатысты.

Бұл көрмені ұйымдастырудың басты мақсаты этномәдени бірлестіктердің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін көрсету арқылы олардың жалпыұлтық келісім мен достықты сақтауға бағытталған қызметімен  таныстыру болып табылады.

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай