29 Қаңтар, 2016
1580
«Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын түсіндіру
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2016 жылдың 26-29 қаңтар аралығында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-ің ұйымдастыруымен «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын түсіндіру, насихаттау жұмыстары басталды.
Дәріс-таныстырылымдар Қызылорда қаласының жоғары, орта арнаулы және жалпы орта білім беретін ұйымдарында жүргізіледі. Дәріскерлер тобы біліктілігі жоғары ғалым-ұстаздардан, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшелерінен этномәдени бірлестік жетекшілерінен, жастар ұйымдарының белсенді өкілдерінен және «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы мен қызметкерлерінен тұрады.
Дәріс-таныстырылымдардың негізгі мақсаты 5 институттық реформа «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының жүзеге асырылуын, әсіресе «Біртектілік пен бірлік» атты 4-бағытының маңызын, Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында қол жеткізілген табыстарды білім алушыларға кеңінен насихаттау арқылы, жас ұрпақ бойына елжандылық қасиеттерін сіңіру.
Алғашқы дәріс Сыр өңірінің білімі мен ғылымының қара шаңырағы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де өткізілді. Дәріске қатысқан 150-ге жуық студентке Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Н.Мыңжас тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері жайында баяндаса, өзбек этномәдени бірлестігінің басшысы, «Құрмет» орденінің иегері А.Хамидов елімізде орнаған бірлік пен береке ерекше қастерлі ұғым екенін айта келіп, оны мемлекет дамуының негізі деген пікірін ортаға салды.
Қызылорда қаласының №198 орта мектебінде жалғасын тапқан іс-шарада «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының орынбасары Р.Ахметова, «Русская община» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі В.Толоконников, с.ғ.к. С.Сахиев ұстаздар мен оқушылар қауымына «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы мен Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласындағы негізгі бағыттарды жан-жақты талдап, толық мәлімет берді.
Назарбаев зияткерлік мектебінде 400-ге жуық білім алушы мен ұстаздар қатысқан дәрісте «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры, т.ғ.к. У.Ибраев еліміздегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен және алдағы жоспарларымен таныстырса, облыстық ғылыми-сарапшылық топ мүшесі, саясаттанушы Н.Жәлиев тәуелсіздік жылдарында орын алған этникалық үдерістер туралы сөз қозғады. Дәріс барысына шынайы қызығушылық білдірген мектеп оқушылары түрлі сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Осындай дәрістер Қызылорда қаласындағы №5, №6, №101, №264 орта мектептерінде жалғасын тапты. Әрбір дәріс өзіндік ерекшелігімен тартымды өткізілуде. Мысалы, 20-дан астам этнос өкілдерінің балалары тәлім алатын №198 орыс мектебінде оқушылар күшімен еліміздегі татулықты, достықты, келісімді жырлайтын концерттік бағдарлама қойылды. Ал, №5 мектепте Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы бейнеролик оқушылар назарына ұсынылса, №101 мектепте жастар ұйымының жетекшісі Ә.Әлібек жалынды сөз сөйлеп, жастарды қанаттандырды.
Дәрістер алдағы уақытта М.Мәметова атындағы гуманитарлық, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлы-техникалық, медицина және гуманитарлық-заң және техникалық колледждерінде өткізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
сегодня, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
вчера, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты