27 Мамыр, 2016
916
«Үлкен үзіліс» іс-шарасы болып өтті.
«Қоғамдық келісім» мекемесінің мәжіліс залында Ақмола облысының поляктары қауымдастығы ұйымдастырған мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Үлкен үзіліс» салтанатты мерекесі болып өтті. Сонымен қатар 26 мамыр Польша елінде Аналар күні болып есептелетіндіктен, қос мейрам бір күнде аталып өтті.
Бұл күні поляктардың балалар тақырыбына жазатын ақыны Яна Бжехваның «Репка» атты сахналық көрінісі поляк тілінде қойылып, Антуан де Сент– Экзюперидің «Кішкентай ханзада» ертегісі сахналанды. Сонымен қатар оқушылар поляк тілінде ән шырқап, ана туралы жырлар оқыды.
«Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінде поляк тілінен сабақ беретін Польшадан келген ұстаз Войчех Кубицки мен оның оқушысы Марина Кобыляцкая және бірлестік белсенділері ертегілерді жұртшылық назарына қызықты етіп ұсынып, жиналған қауымға жақсы әсер сыйлады.
Мерекелік кештің құрметті қонақтары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Киікова мен Рузанна Дегоян, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің әдіскері Күлтай Кәрімжанова және поляк этномәдени бірлестігінде бірнеше жылдан бері поляк ұлтының жастарына өз тілі мен мәдениетін үйренуге зор үлестерін қосқан Байковскийлер отбасы игілікті іс-шараға оң бағасын беріп, ризашылықтарын білдірді.
Оқу жылының аяқталуымен тұспа тұс келген мейрамда жыл бойы поляк тілін үйренуге келіп жүрген оқушылардың білімі сараланды. Олар тілді тек теория жүзінде ғана үйреніп қоймай, күнделікті өмірде де, тәжірибе барысында жақсы игергендіктерін көрсете білді.
Поляк қауымдастығы ұйымдастырған мерекеде ешкім де назардан тыс қалмады. Жыл бойы білімімен көзге түскен оқушылар және бірлестіктің қоғамдық өміріне белсене араласқандар алғыс хаттармен марапаттталды.
«Қоғамдық келісім»
КММ баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті