22 Қыркүйек, 2015
852
«Ұлт рухы» республикалық жобасы
16-17 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы П.Атоян атындағы қалалық стадионында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының тестіне арналған «Ұлт рухы» республикалық жобасының өңірлік кезеңі өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, олимпиада чемпиондары және Қазақстан спортшыларының бастамасымен өтетін «Ұлт рухы» жобасы Президент тестілерін барлық аймақтарда кеңінен таратуға бағытталған.
Аталмыш іс-шараның мақсаты адамның дене тәрбиесі мен рухани жан-дүниесін сауықтырып, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
Ағымдағы жылдың ақпан мен наурыз айлары аралығында Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарында және облыс орталығында қысқы спорт түрлерінен тест тапсырылған болатын. Өткізілген іс-шараға облыс бойынша 85 928 адам қатысты (соның ішінде: Президент деңгейіне – 21 040 адам, ал Ұлттық дайындық деңгейіне – 25 517 адам тапсырды).
14 мамыр мен 4 шілде аралығында облыс орталығы мен барлық аудандарда жазғы спорт түрлері бойынша сынақтар тапсырылды. Тест тапсыруға облыс бойынша барлығы 56 079 адам қатысты (оның ішінде: Президент деңгейіне – 1 627 адам, ал Ұлттық дайындық деңгейіне – 5 011 адам тапсырды).
Өңірлік кезеңнің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қапақов Ғайса Хамедуллаұлы, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекет Азамат Бауыржанұлы және Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Саратов Данильбек Алиевич қатысты. Олар барлық спортшыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Жарыстың бірінші кезеңі П.Атоян қалалық стадионында жеңіл атлетика және ядро лақтыру спорт түрі бойынша өтті. Оған барлығы 2000 жуық спортшы қатысты.
Екінші кезең «Жайық Самалы» қалалық бассейнінде өткен болатын, оған 1000 жуық спортшы қатысты.
Өңірлік біріншілікке 12 аудан және Орал қаласының барлық жас аралығындағы аудандық және қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздарға арнайы мақтау қағаздары және сыйлықтар табысталды. Үздік деп танылған жеңімпаздар облыстың намысын қорғау үшін республикалық кезеңге жіберіледі.
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ сараптама-талдау бөлімі
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті