11 Қазан, 2017
1128
«Ұлтаралық келісімді нығайтудағы медиация институтының дамуы мен рөлі. Халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру»
2017 жылғы 10 қазан күні Алматы қаласындағы Достық үйінде «Ұлтаралық келісімді нығайтудағы медиация институтының дамуы мен рөлі. Халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хамедов Абилфас Муслимовичтің, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимировичтің және Бостандық ауданының сәлемдесуімен басталды.
Дөңгелек үстел жұмысына этномәдени бірлестіктер өкілдері, Алматы қаласы Бостандық ауданы сотының өкілдері, Алматы қ. Бостандық ауданы прокуратурасы өкілдері, Алматы қаласы нотариустары, қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары, ҚР Ұлттық банк өкілдері, екінші дәрежелі банктер, коллекторлық компаниялар, мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, қалалық коммуналдық мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Хамедов Абилфас Муслимович сөйлеген сөзінде Қазақстанда медиация институтының дамуындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөль атқаратындығына көз жеткізілгенін, медиаторлармен жұмыс жасаудағы конструктивті ынтымақтасуды реттеу, медиативті технологиялардың өз саласында практикалық қолданыстағы ауқымдылығын арттыру қажеттілігі туралы айтып кетті.
Алматы қаласының нотариусы Асаинова Людмила Александровна «Соттан тыс кредиторларға орындау жазбасының артықшылығы» тақырыбын талқылады. Медиацияның дамуындағы жастардың рөлі жайлы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы Ахметов Расул айтып өтті. «Кәсіби медиаторлар» ҚБ директоры Родионова Ирина Трофимовна «Медиация тәртібімен дауды (қақтығысты) шешу туралы келісімге орындау жазбасын енгізу» тақырыбында, ал «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқығын қорғауда келісім рәсімдерін қолданудағы дағдарыс орталығының рөлі» тақырыбында Алматы қ. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ директоры Байсақова Зульфия Мухамедбекқызы сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша сөз сөйлеушілердің тақырыптары талқыланып, одан ары жасалатын жұмысқа ұсынымдар ескерілді.
Дата события ассамблеи: 11.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23