Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Ақпан, 2015

1599

«Ұлттар достығы» фестивалі

Ағымдағы жылдың 17 ақпаны күні Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы мен  «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен,  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ұлттар достығы» фестивалі Өскемен қаласының Металлургтер мәдениет сарайында өтті.

Ағымдағы жылдың 17 ақпаны күні Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы мен  «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен,  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ұлттар достығы» фестивалі Өскемен қаласының Металлургтер мәдениет сарайында өтті. Кезінде тағдырдың жазуымен қазақ жеріне қоныс тепкен сан түрлі ұлттар, бүгінде  бірлігі жарасқан  біртұтас халыққа айналды. Шараның мақсаты осы еліміздегі халықтар достығын, олардың  тарихын, мәдениетін  жас ұрпаққа насихаттап, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, өзге халықтардың дәстүрін құрметтеуге үйрету. Мерекеге сай әсем безендірілген мәдениет залы, көрерменге лық толды. Мереке Нұрғиса Тілендиевтің «Көш керуен» күйінің ырғағымен құнды кітаптар қоржынын артқан түйені жетектеген  керуен басының сахнаға шығуымен  басталып, Достық үйінің «Ақниет», белорусс ЭМБ «Крыночки» ансамблі, әзірбайжан ЭМБ «Азери» балалар би ансамблі, кәріс ЭМБ «Торади» вокальдық ансамблі, орыс ЭМБ «Кругозор» жастар орталағы, «Үміт» балалар үйінің өнерпаздары және қаламыздың басқа да шығармашылық ұжымдарының өнерімен жалғасты. Фестивальді тамашалауға  қаламыздағы  мектептердің оқушылары келді. Фестивальді ұйымдастырушылардың негізгі идеясы керуен арқылы татулығымен, ынтымағы жарасқан Қазақстан елін көрсету. Балалар Қазақстанның кең байтақ жерін мекен еткен ұлттардың салт-дәстүрімен, мәдени құндылықтарымен етене танысып, көргендерін көңілдеріне түйді. 
    Қазақ жері бүгінде тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, арманы ортақ өзге  ұлттардың жерұйығына айналды. 

Кейін қарай