Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қыркүйек, 2015

961

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы Қарақия ауданында. Экспедицияның 2-ші күні

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы 12 қыркүйек күні Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орналасқан киелі жерлерге зиярат жасады.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы 12 қыркүйек күні Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орналасқан киелі жерлерге зиярат жасады. Экспедиция мүшелері ең бірінші Жетібай аулындағы №6 алғашқы мұнай скважинасына барып, сол жерде кездесу өткізді. Экспедиция мүшелерінің  бірі, «Нұр Отан» партиясы МОФ кеңесшісі Есберген Іңірбайұлы: «Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту  үшін республикада көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі осы «Ұлы дала елі» республикалық экспедициясы болып табылады. Біз бүгін экспедицияның екінші күнімен Қарақия ауданына келдік. Мұнда әулие Бекет ата мен Шопан атаның мешіттері бар. Экспедиция мүшелері бүгін сол екі тұлғаның өмірімен танысатын болады» деді. Содан соң, «Дағыстан» этномәдени бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаев сөз алып, жиналған қауымға Маңғыстау маңғаз жері жайында ой айтты.

Сол күні, экспедиция мүшелері Қазақстандағы ең үлкен және ең көне жерлеу-діни кешендерінің бірі Шопан ата мештіне барды. Онда экспедиция мүшелерін Бостан аулының әкімі Ш.Асанов қарсы алды. Сапар барысында белсенді топ Шопан ата жерасты мешітін аралап, кең мағлұмат алып, ата-баба әруағына құран бағыштап, зиярат етті.

Одан кейін экспедиция мүшелері Оғландыдағы Бекет ата жерасты мешітіне барды. Оларды күтіп алған Сенек ауылы әкімшілігінің қызметкерлері Пір Бекет жайлы мағлұмат берді. Бекет Ата Мырзағұлұлы 1710 - 1813 жылдар аралығында өмір сүрген әулие, халық батыры, абыз, ағартушы, сәулетші адам болған. Халық оны ерекше қадірлеп әулие тұтқан. Ол адамдар қысылғанда жар болған, тілеуін тілеп, көмектесіп жүрген.

Сапар соңында экспедиция құрамы Бекет ата әруағына құран бағыштап, зиярат етті.

МОӘА «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Кейін қарай