
15 Маусым, 2018
1486
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КІШІ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ӨТТІ
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 15 маусымда Елбасының «Ұлы Дала Елінің киелі мұралары» жобасы аясында аймақтағы тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасау мақсатында өңірімізде «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық кіші экспедициясы өз жұмысын бастады.
Қызылорда облысына қарасты аудандардағы белсенді этнос өкілдерінен 50 адамнан құралған экспедицияда Қазалы, Қармашқы аудандарының киелі жерлері, тарихи-мәдени нысандарымен танысу жоспарланған.
Топтың құрамында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев, аудандардағы белсенді этнос өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ, журналистер мен сарапшылар клубының мүшелері болды.
Экспедицияның басты мақсаты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткен аймақтағы тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасау, орта ғасырлық қалалар, сондай-ақ археологиялық ескерткіштер мен кесенелер тарихымен танысу, аудандардағы түрлі этнос өкілдері арасында қарым-қатынас орнату, танымдық тәжірибе алмасу болып табылады.
«Біз Ұлы даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып, жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз ұлы істердің ұйытқысы болған – Ұлы дала елі. Бұл – біздің тағдырымыз. Бұл – біздің таңдауымыз», – деген Елбасының сөздері экспедиция атауының мән-мағынасы тереңде екендігін айқындағандай.
Тарихи-танымдық саяхат Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен батысқа қарай 12 шақырым қашықтықта орналасқан – Сортөбе қалашығынан басталды. Қалашықтың нысаны төртбұрышты, кіреберісті екі жақтан қорғайтын және бұрыштық мұнарасы бар мекеннің қабырғаларының биіктігі 2 метр, ені 6-8 метр. Сырдарияның жағасында орналасқан бұл қалашықтың сауда жолын реттеп тұратын сауда порты болуы да мүмкін. Бір айтарлығы, қалашықтың 30-40 пайызы ғана сақталған. Қалашықта зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі, т.ғ.к. ӘзілханТәжекеев Сортөбе жайлы жаңаша мәліметтермен бөлісті.
Экспедиция мүшелерінің келесі аялдамасы Оғыз мемлекетінің рухани астанасы – Жанкент қалашығы. Азия мен Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі шаһар орта ғасырлардан сақталған. Қызылорда облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің ғылыми қызметкері, тарих магистрі Еркебұлан Елеуов экспедиция мүшелеріне Жанкент қалашығы жайлы қызықты, әрі құнды мағлұматтарымен таныстырды.
Жанкент қалашығынан кейін экспедиция құрамы Қазалы ауданында орналасқан Ғани Мұратбаев музейіне аялдады. Көрнекті қоғам қайраткері, Қазалы өңірінің даңқты перзенті, Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушыларының бірі, Шығыс жастарының көшбасшысы – Ғ. Мұратбаев жайлы аталған музей қызметкері Ақерке Бердібай тың деректермен ақпараттандырды.
Әйтеке би кентінен батысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан Жанқожа батыр кесенесі саяхатшылардың келесі аялдамасы болды. Экспедиция мүшелері кесенеге тоқтап, батырдың рухына тағзым етті. Кесене 1992 жылы өзінің бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған Жанқожа Нұрмұхамедұлының құрметіне қойылған.
Топ мүшелерінің соңғы аялдамасы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан Қорқыт ата мемориалды кешені. Онда қобызды бейнелейтін төрт элементтен тұратын, әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсас – Стела, қошқар мүсіні, оңаша тілек тілейтін жер асты мінәжат үйі – Қылует, сондай-ақ, көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арналған Амфитеатр орналасқан.
Экспедиция мүшелері 3 экспозициялық залдан тұратын музей ғимаратымен танысып, ондағы Қорқыт өмірі мен мәдениетінен сыр шертетін құндылықтар мен жәдігерлерді тамашалап, естелік суретке түсті. Музейде Қорқыт өмірі дәуірінің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін 700-ге жуық құндылықтар мен жәдігерлер сақталған.
Тарихи-танымдық саяхатқа қатысқан экспедиция мүшелері өңіріміздегі тарихи жәдігерлерімен танысып қайтқандары үшін зор алғыстарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті