
14 Маусым, 2018
2790
«Ұлы Дала Елінің киелі мұралары» республикалық тарихи-экологиялық акциясы
Ағымдағы жылдың 14 маусымында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Дала Елінің киелі мұралары» республикалық тарихи-экологиялық акциясы өтті. Акцияны қасиетті мекенге айналған Қаракерей Қабанбай батырдың мемориалдық кешенінде ұлағатты іс атқарумен бастады.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері қатысты.
Л. Прокопенко ҚХА мен жастар қозғалысының бірлесуімен Қазақстан бойынша өтіп жатқан қасиетті ескерткіштерге тағзым етудің ІІІ кезеңі басталғанын атап өтті. Және осы бастама барысында ескерткіш мұраларды сақтау және насихаттау, коғамда ерекше мәндік орны бар әлеуметтік жобаларды іске асыруға жастардың белсенді қатысуына ықпал ету маңызды екендігіне тоқталды.
«Ортақ мәдени және рухани құндылықтарды тану арқылы патриотизмді нығайту — акцияның басты мақсаты», — деп түйіндеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен 2000 жылы салынған Қаракерей Қабанбай батыр мемориалдық кешенінің шырақшысы Кәмал Әбдірахман:
«Кесененің биіктігі 21,5 метр, ішкі ені 8 метр, жалпы аумағы 58 шаршы метр. Қазақстанның қасиетті жерлерінің тізіміне енгізілген кешенге, батырдың рухына тағзым етуге келушілердің қарасы көбейді.
Батыр көз жұмғанда Абылай хан, Бұқар жырау бастаған қазақтың игі жақсылары келіп, өз қолдарымен батырды жер қойнауына тапсырған. Жәнібек хан, Бөгенбай, Наурызбай батыр, Үмбетей, Жиембет жыраулардың табаны тиіп, ат басын бұрған жер. Сол себепті бұл жердің ерекше қасиеттілігі бар», — деді.
Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының көшбасшысы Максим Споткай бастаған бірнеше жас кешен айналасын тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
М. Споткай игі іс туралы былай деп тарқатты: «Қаракерей Қабанбай батыр мемориалдық кешенінен бастауымыз кездейсоқ емес. Қабанбай батыр — ұлы тарихи тұлға. Майдан даласында үлкен ерліктерімен танылған ерен ер.
Акция Алматы қаласында, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында және Маңғыстау облысында Отпан тауда бастау алып, жалғасын табуда. Бұл аймақтарда да киелі ескерткіштерге тағзым етіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан акцияға республика бойынша 40 мыңнан астам жастар қатысуда. Акция күзге дейін созылады».
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 15.06.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті