17 Шілде, 2015
847
«Әнім саған, Қарағанды»
17 шілде күні Қарағанды облысы кәсіпкерлері қауымдастығы ғимаратында жыл сайын өткізілетін кәсіби және көркемөнерпаз әншілердің «Әнім саған, Қарағанды» байқауына қатысушыларды тыңдаудың I-кезеңі болып өтті. Бұл байқау ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған.
«Әнім саған, Қарағанды»
17 шілде күні Қарағанды облысы кәсіпкерлері қауымдастығы ғимаратында жыл сайын өткізілетін кәсіби және көркемөнерпаз әншілердің «Әнім саған, Қарағанды» байқауына қатысушыларды тыңдаудың I-кезеңі болып өтті. Бұл байқау ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған.
Биылғы жылы бүкіл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтіп жатқан кезде, осы байқауды оның мүшелері — Қарағанды облысы этно-мәдени бірлестіктері арасында өткізуге шешім қабылданды. Байқаудың мақсаты — жыл сайынғы «Біз — қарағандылықтармыз» фестиваліне кеншілер астанасы тұрғындарын кеңінен тарту және қарағандылықтардың талантын ашу болып табылады.
Байқауды ұйымдастырушылар - «Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» ҚММ және Қарағандының академиялық музыкалық комедия театры.
Байқаудың қазылар алқасында шығармашылық кәсіп өкілдері. Бұлар — облыстық композиторлар одағының төрағасы Марат Сүтішев, академиялық музыкалық комедия театрының директоры Амантай Ыбыраев, Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің конңертмейстрі Меруерт Ыбыраева, «Қарағанды облысының авторлық құқықты қорғау жөніндегі қауымдастық» ҚБ директоры Игорь Нестеренко, академиялық музыкалық комедия театрының әншісі Елена Ломоносова, ҚР Журналистер одағының мүшесі Бақытқали Мұсабеков. Қазылар алқасының төрағасы белгілі композитор Марат Бекішев.
Шілденің 1-нен 15-сі арасында конкурсқа қатысуға тапсырыс қабылданды. Қатысушылардың материалдарымен жұмыс кезінде авторлық құқықтың қорғалуы мен сақталуына байқауды ұйымдастырушылар кепілдік береді.
Сонымен, 17 шілде күні байқауға қатысушыларды тыңдаудың I кезеңі болып өтті. Оған 7 этномәдени орталықтан 9 адам қатысты.
Бұл күн конкурсанттар үшін жемісті әрі қуанышты болды — олардың барлығы бірінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. Оларға байқаудың келесі кезеңдерінде табыс тілейміз, ең бастысы — жеңіске жету емес, қатысу екенін айтқымыз келеді.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» ҚММ-ның
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты