29 Маусым, 2015
1519
«Қоғамдық келісім» КММ БАҚ өкілдерін төл мерекесімен құттықтады
«Қоғамдық келісім» КММ БАҚ өкілдерін төл мерекесімен құттықтады
«Қоғамдық келісім» КММ мұнайлы аймақтағы БАҚ өкілдерін «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен» құттықтады. Оған Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Амангүл Жайылханова, республикалық және облыстық газет, журнал мен телеарналардың тілшілері, этномәдени бірлестік басшылары қатысты.
Жиынды Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина сөз алып, тілшілерді төл мерекемен құттықтады. «Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының жариялауда сіздердің атқарып жүрген еңбектеріңіз орасан зор. Сіздер арқылы бүгінде барша қазақстандықтар ҚХА жұмысымен танысып қана қоймай, Қазақстандағы жүздеген ұлттардың мызғымыс достығын көзбен көріп, жүрекпен сезіп отыр. Сіздердің жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға береке мен бақыт тілеймін», деді ол.
Содан соң, журналистерге ақжарма тілегін «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Амангүл Жайылханова арнады. Ол өз кезегінде БАҚ-н мерекемен құттықтай отыра, олардың жұмысына сәттілік тіледі. «Құрметті байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды айтамын және алдағы уақытта да жұмыстарыңызға сәттілік пен табыс тілеймін», деді ол.
Шарада БАҚ өкілдеріне Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Амангүл Жайылханова алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыстады.
Жиын барысында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ алғыс хаты мен ақшалай сый-сияпатымен төмендегі адамдар марапатталды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлмира Балғожаева, «Қазақстан» ҰТА меншікті тілшісі Жазира Әбіл, «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Гүлмира Әбішева, «24 кз» телеарнасының меншікті тілшісі Тамара Степанова, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Гүлайым Шынтемірқызы, «КТК» телеарнасының меншікті тілшісі Сандуғаш Шортанова, «Астана», «Казправда» тілшісі Ольга Золотых, «31» телеарнасының операторы Амандық Аманкулов, Қазақ радиосының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Айман Нұрмағанбет, «Огни Мангистау» газетінің тілшісі Марина Қалағанова, «Маңғыстау» газетінің тілшісі Еркеш Нәрімбаева, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің бас редакторы Бақытжан Сатылханұлы, Маңғыстау» газетінің фототілшісі Серік Майемеров, «Не хабар?» газетінің тілшісі Рысгул Рамазанова, «Тумба» газетінің тілшісі Надежда Шульга, «Лада» газетінің тілшісі Станислава Куцай, оператор Нұрбол Бүркітов.
Шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы облыстық «Шаңырақ» шығармашылық байқауына өтініш қабылдап, іріктеу жүріп жатқандығы мәлім етілді. Айта кетсек, облыстық «Шаңырақ» шығармашылық байқауынан бас жүлдені иемденген жүлдегер республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауына қатысады.
Кеш соңында шараға қатысушылар мереке иелеріне арнап жайылған ақ дастарқаннан дәм ауыз тиді.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады