Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Маусым, 2015

1123

«Қоғамдық келісім» мекемесі ҚР рәміздері мерекесін атап өтті

«Қоғамдық келісім» мекемесі 4 маусым ҚР Рәміздер күнін кең көлемде тойлады. Таңертең мекеме қызметкерлері Жастар Саясаты орталығының алдында Маңғыстау облыстық Жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты, «Ақжол» жастар орталығымен бірлесіп, ҚР Мемлекеттік әнұранын орындады.

Мерекелік бағдарлама ары қарай теңіз жағасында «Менің Қазақстаным» акциясымен жалғасын тапты. Оны ұйымдастырушылар Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ – сі мен Маңғыстау облыстық Жастар ресурстық орталығы. Акция мақсаты - ҚР Мемлекеттік рәміздерін жастарға насихаттау. Оған жоғары, кәсіптік және орта оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, «Қоғамдық келісім» қызметкерлері, «Ақжол» жастар орталығы, облыстық Жастар ресурстық орталығы қатысты.

          Акция барысында автошеру ұйымдастырылды. Автошеруге 10 көлік қатысты. Автокеруен 15 ш/а «Виктория» қонақ үйінен сағат 19:00 жол бастап ақ маржан қала Ақтаудың басты көшелерімен көк туды желбіретіп жүріп өтті. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші – Мемлекеттік Рәміздерді ұлықтауға арналған авшеруді тамашалушы қала тұрғындары оның қатысушыларын суретке түсірді.

Автошеруден кейін қарт Каспийдің жағасында ұйымдастырушылар мен еріктілер ҚР Рәміздер күніне арналған 2000 ақпараттық парақшаларды қала тұрғындары мен қонақтарына таратты.

Сонымен қатар, тұрғындарға арнайы викторина ұйымдастырылды. Викторина барысында кез-келген қала тұрғындарына ҚР рәміздеріне қатысты сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап бергендерге арнайы дайындалған түрлі сыйлықтар табысталды. Викторина БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

          Шара соңы 15 ш/а теңіз жағалауында сахна-подиум қойылып, кешкі мерекелік концертке ұласты. Онда қалың бұқараға жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, жиналғандарды әсем көңіл-күй сыйлады.

          Ұйымдастырушылар кеш соңында ҚР Рәміздері бейнеленген шарларды аспанға ұшырды.

Кейін қарай