
12 Қазан, 2017
893
«Қоғамдық келісім – мемлекет дамуының кепілі»
«Қоғамдық келісім – мемлекет дамуының кепілі». Міне, осындай тақырыпта 10 қазанда Жамбыл облыстық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясы өтті. Онда өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева сөз тізгінін алып, БАҚ қызметкерлерін мекеменің жыл басынан бері атқарған жұмыстарымен таныстырды.
«Қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтау – алдымызға қойылған ортақ міндет екені белгілі. Бұл бағытта облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және 26 этномәдени бірлестіктер мақсатты жұмыс жүргізіп келеді. Облыс ассамблеясының құрамы 216 адамнан тұрады.
Олардың барлығы қоғамдық-мәдени шараларға, саяси науқандарға белсене қатысып жүр. Сондай-ақ, ақпараттық топтардың құрамында идеологиялық жұмысқа тартылып, мемлекеттік саясатты насихаттауда», - деп атап өтті хатшылық меңгерушісі.
Сонымен қатар, Маржан Төреғұлқызы 9 айда облыс ассамблеясының ұйытқы болуымен 70-тен аса түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілгенін жеткізді. Аталған іс-шаралардың идеологиялық мазмұны «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың тұжырымдамаларына негізделген.
Ал «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына кандидаттарды іріктеу облыс ассамблеясының тікелей атсалысуымен жүргізілді. Ұсынылған 253 кандитаттардың құжаттары жұмыс тобымен қаралып, 78 үміткердің құжаттары республикалық комиссияның қарауына жолданды.
Өңірдегі әлеуметтік ахуалға келер болсақ, 3-ші тоқсанда жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде аймақтағы этносаралық қарым-қатынас және қоғамдағы ахуал қалыпты жағдайда деп бағаланады.
Түрлі шиеленіскен даулар мен қақтығыстарды сотқа дейін реттеу де Ассамблея міндеттерінің бірі екені мәлім. Осыған орай, облыс көлемінде 13 медиация кабинеттері ашылып, онда 63 медиатор қоғамдық негізде жұмыс атқарады. 2016 жылдан бері медиация кабинеттеріне шиеленісті және даулы мәселелермен 570 азамат жүгінген. Олардың 481 жергілікті медиаторлардың араласуымен оңтайлы шешімдерін тапты.
Қайырымдылық саласы да назардан тыс қалған емес. Тоқсан сайын «Қайырымдылық керуені» акциясы ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері Ассамблеяның ұйытқы болуымен 2000 астам отбасына және 6800 балаға 62 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек берілді.
Дата события ассамблеи: 12.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
11 Маусым, 12:38
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
сегодня, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады