Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қаңтар, 2016

743

Құрбандарды еске алу күні

2015 жылдың 20 қаңтарында Қазақстандағы әзірбайжандар қауымдастығының Ақтөбе филиалы «1990 жылдың қаралы қаңтары» тақырыбында іс-шара өткізіп, құрбан болғандарды еске алды. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ-сі, облыстық достық үйі, облыстық тілдерді дамыту және ішкі саясат басқармаларының қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты.

Іс-шараны филиал  төрағасы Джамалов Шахбаз Илал оглы ашты. Қатысушыларға өз ризашылығын білдіре отырып, ол 1990 жылдың 20 қаңтарында Баку қаласында болған қаралы оқиға туралы айтып берді. Сол күннің оқиғасын баяндайтын видео түсірілім көрсетілді. Онда жазықсыз жандардың орынсыз зәбір көріп, жапа шеккендері жан-жақты көрсетілді.

Іс-шараға қатысып отырғандар әзірбайжан халқының басына түскен сол қиыншылықтарды жеңгеніне, елдіктерін сақтағанына байланысты өздерінің ойларымен бөлісті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі, т.ғ.д., профессор Н.А.Абдоллаев, ҚХА жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Ж.Құрманбек, «Қос шынар» қоғамының төрағасы Ғ.Байдербес өз ойларын жеткізе отырып, облыста тұрып жатқан халықтарды бірлікке шақырды, келеңсіз оқиғалардан аулақ болу туралы пікірлерін білдірді.

Іс-шара соңында қатысушыларға еске алу асы берілді.  

 

 

   

 

«Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі  

 

 

Кейін қарай