Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қазан, 2015

882

Құрметті «Ахыска» газетінің ұжымы!

Сіздерді «Ахыска» газетінің жарыққа шыға бастағанына 15 жыл толуымена шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді «Ахыска» газетінің жарыққа шыға бастағанына 15 жыл толуымена шын жүректен құттықтаймыз!

Этностық бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде өзіндік орны бар «Ахыска» газеті Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған мемлекеттік этносаясатты халыққа түсіндіру жұмысын дәйектілікпен жүзеге асырып келе жатқан ақпарат құралы. Сонымен бірге газет беттерінде елде этносаралық қарым-қатынастар мәдениетін қалыптастырып, дамытуға, қазақ жеріндегі түрік этносы өкілдерінің ана тілі мен салт-дәстүрлерін сақтауға байланысты мәселелерге әрдайым басым мән беріледі.

Осы жылдар ішінде «Ахыска» газеті Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын іс-шараларға белсене араласып, қоғамдық келісімді нығайтуға, жалпыұлттық патриотизм идеясын іске асыруға үлкен үлес қосып келеді. Бұған оның 2007 жылы азаматтық татулық және ұлтаралық келісім мәселелерін жазып, көрсетуге арналған этномәдени бірлестіктердің үздік бұқаралық ақпарат құралы байқауында жеңімпаз атанып, I орынға ие болуы айқын дәлел.

Бүгінгі мерекелі күні газет ұжымына ықыласты құттықтауымызды жолдай отырып, баршаңызға өрлеу, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз.

Құрметпен,

Қазақстан халқы Ассамблеясы кенесі

Кейін қарай