Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қараша, 2016

1723

«Қуатты өңір – қуатты Қазақстан»

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігін құру мен нығайтудағы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» эстафетасы Атырау облысында басталды. 2016 жылдың 8 қыркүйек эстафетаны Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев  Құрманғазы ауданының  әкімі Бибоз  Байдаулетұлы Шаяхметовке  табыстады.

Мега-жобаның мақсаты — Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерді насихаттап, ұрпақ бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу. Сонымен қатар, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруға барлық азаматтардың белсенділікпен қатысуына мүмкіндік жасау.

Іс-шара барысында Құрманғазы ауданының 19 округінде ауыл ақсақалдарымен кездесулер, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған таныстырылымдық көрмелер ұйымдастырылып, бейне роликтер, Елбасы туралы фильмдер көрсетілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек беріліп, спорттық және ұлттық ойындар түрлері ойналды. Әрбір ауылдық округ берілген  тақырыптарға сай өзінің концерттік бағдарламасын ұсынды.

«Қуатты өңір-қуатты Қазақстан» эстафетасы 30 қыркүйек күні Құрманғазы ауданынан  Исатай ауданына табысталды.

Іс-шараға Атырау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Баянқызы Қыстаубаева, облысық мәдениет мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Әбіл Тауфихұлы Жоламанов, «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекеменің басшысы Тамара Өтегенқызы Аман-Турлина, «Татулық»  татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Гульсина Байкенова, «Вайнах» шешен-дағыстан этномәдени бірлестігінің төрағасы Зелимхан Зубариев, Құрманғазы ауданыны әкімі Бибоз Байдаулетұлы Шаяхметов, Құрманғазы  аудан ардагерлерімен жастары  және Исатай ауданының тұрғындары қатысты.

Мега жобаның белгісін қабылдау рәсімі Исатай Тайманұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі мен Тәуелсіздіктің  25 жылдығы құрметіне 25 түп тал егуден басталды. Тал теректі отырғызғандар 1991 жылы дүниеге келген тәуелсіздіктің құрдастары.

Сондай-ақ, Исатай ауданының мәдениет үйінде қолөнер бұйымдары бойынша көрме ұйымдастырылды. Оның ішінде оюланып тігілген киіз кілемдер, текеметтер, моншақпен  кестелеп  тігілген  сувенирлері көрермендердің көңілінен шықты. Іс-шараның екінші бөлімі эстафетаны қабылдау салтанатына жалғасты.

Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Байдаулетұлы Шаяхметов жиналған қонақтар алдында құттықтау сөзін сөйлеп мега-жоба белгісін Исатай ауданының әкімі Тұрарбек Сұлтанбековке табыс етіп, шараға сәттілік тіледі.  «1991 жылы желтоқсанда  халқымыз ел тағдырын Елбасымыз Н.Назарбаевқа сеніп тапсырған еді. Нәтижесінде бүгінгі даму деңгейімізге  қол жеткіздік. Тәуелсіздіктің арқасында тілімізді, дініміз бен салтымызды сары алтындай сақтаған, рухы мықты, ата-баба аманатына адал, бірлігі бекем, қуатты, беделді мемлекет ретінде жылдан-жылға алға басудамыз. Қазақстанның одан әрі де осы бағытта дамуына қажетті жағдай жасала бермек», — деді Исатай ауданының әкімі Тұрарбек Ғайнеденұлы Сұлтанбеков.

Іс-шара барысында ол 1991 жылы отбасын құрған бүгінде 25 жыл толып отырған 7 жанұяны күміс тойларымен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, Исатай ауданының кәсіпкері Нұрғали Жұбанов, Исатай ауданының құрметті азаматы, меценат, «Вайнах» шешен-дағыстан этномәдени бірлестігінің төрағасы Зелимхан Зубариев аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, Аққыстау ауылының бір топ аз қамтылған  отбасыларына қайырымдылық көрсетті.

Кейін қарай