23 Маусым, 2016
728
Құқық қорғау органдарындағы дөңгелек үстел отырысы
Тараз қалалық Ішкі істер басқармасында «Құқық қорғау органдары қызметкерлері мен «Бітімгер» құқық және медиация орталығының медиаторлары арасындағы өзара іс-қимыл – ҚР «Медиация туралы» Заңын алға жылжытудың кілті» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
Оған құқық қорғау органдары қызметкерлері, аймақтық ІІД-нің басшылық құрамы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы мен «Бітімгер» құқық және медиация орталығының медиаторлары қастысты.
2011 жылы Тараз қаласында медиация (бітімгершілік) рәсімін жүргізу, ақпаратты тарату және насихаттау мақсатында «Бітімгер» құқық және медиация орталығы ашылған болатын. «Медиация туралы» Заңы мен «Бітімгер» құқық және медиация орталығы ашылғаннан бері төрт жыл ішінде мыңнан астам медиациялық (бітімгершілік) келісімдер жасалды.
Дөңгелек үстел отырысы барысында құқық қорғау органдары жүйесінде медиация рәсімін қолдану, полиция және прокуратура қызметкерлері мен медиаторлардың өзара іс-қимылы қажеттілігі туралы мәселелер талқыланды.
Әйтсе де, өкінішке қарай, «Медиация туралы» Заңның шыққанына қарамастан құқық қорғау органдары мен медиаторлар арасындағы байланыстың әлі де жеткіліксіз екендігі байқалып отыр. Белгісіз себептерге байланысты тергеушілер мен анықтаушылар кәсіби медиаторлардың көмегіне жүгінбей дауласушы екі жақты өздері дербес «татуластырғысы» келеді.
Дөңгелек үстел отырысы соңында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, «Бітімгер» құқық және медиация орталығы мен Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті арасында келісімге қол қойылды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті