12 Желтоқсан, 2016
912
Құқық қорғау және арнайы органдар мамандарымен кездесу
Еліміз егемендік алған күннен бастап этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуды Қазақстан басшылығы өз қызметінде басым міндеттердің бірі ретінде белгіледі.
«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде құқық қорғау және арнайы органдар мамандарының қатысуымен этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы заңдылықтар тұрғысында дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Аталмыш жиынға облыстық Ішкі істер департаменті, прокуратура, облыстық сот органдары мен ішкі істер саясаты, дін істері, жастар, білім және мәдениет басқармаларының өкілдері қатысты.
Жиналғандар алдында облыстық ІІД әкімшілік полициясы, облыстық жергілікті полициясы басшысының орынбасары, №2 Тараз қалалық сотының судьясы этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету барысы бойынша сөз сөйледі.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлтаралық татулықты сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық-саяси институт. Бүгінгі күнде Қазақстан этносаралық және дінаралық плюрализм мен толеранттылықтың арқасында саяси тұрақтылығын сақтап отырған бірден-бір мемлекет. Қазірде елімізде 140 өзге ұлт өкілдері мен 40-тан аса дін бар. Бейбітшілік пен татулық, азаматтық келісім, діни көзқарастарға деген төзімділік, қоғамдық өмірдегі өзге ұлт мәдениетіне тең құқықтық – Тәуелсіздік алғаннан бергі қазақ елінің ерекше саяси ұстанымы», - деп атап өтті өз сөзінде №2 қалалық соттың судьясы Нұрлан Даулыбаев.
Жиын барысында қатысушылар арасында этносаралық және конфессияаралық қатынастар мен мемлекеттік этносаясаттың көкейкесті мәселелері талқыланды. Әсіресе, білім беру саласы мен ғылыми ұйымдастырушылық мәселелеріне ерекше мән берілді. Дөңгелек үстел отырысын қорытындылай отырып, қатысушылар жастарды патриоттық сезімге баулуға, этносаралық және конфессияаралық келісімдерді берік ұстануға және өзге де іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлады. Себебі этносаралық қатынастар конфессияаралық диалогсыз мүмкін емес.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы