17 Шілде, 2015
1193
«Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері этномәдени бірлестік басшыларымен кездесті
Салиқалы кездесуге ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Жайылханова, «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Фатима Биркле, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Айрапед Курдоглян қатысты.
Салиқалы кездесуге ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Жайылханова, «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Фатима Биркле, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Айрапед Курдоглян қатысты.
Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы сөз қозғалып, әрбір қатысушы өз ойын ортаға салды. Жиында алғаш сөз алған ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина Қазақстан халқы Ассамблесының мақсаты мен міндетіне тоқталды:
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл 17 млн қазақстандық, 100-ден астам ұлт өкілі. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Осы 20 жыл ішінде ҚХА қыруар жұмыстар атқарды. Бәрімізге белгілі ҚХА төрағасы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚХА жұмысын жандандыру үшін қаншама жұмыс жасады. Бүгінгі таңда Маңғыстауда 50-ден аса этнос бар. Олардың 20-сы этномәдени бірлестік құрып, маңғаз өлкеде тату-тәтті өмір сүруде. Осының барлығы әрине, қазақ елінің татулығы мен қонақжайлылығы арқасында деп білемін», деді ол. Гүлжан Мақсұтқызы аталмыш жиынды ұйымдастыруға мұрындық болған қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысына рахметін айтып, сыйға ҚХА мұнайлы аймақта атқарған жұмыстары жазылған кітапты сыйға тартты.
Келесі кезекте «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Жайылханова сөз алып, маңғаз өлкедегі Ассамблеяның жұмысын айтып өтті:
- «Біздің «Қоғамдық келісім» мекемесі мұнайлы аймақтағы этномәдени бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Себебі, біздің мақсат – әрдайым оларға қолдау көрсетіп отыру. Осы уақытқа дейін біз «Менің Қазақстаным» пойыз акциясы, «ҚХА-20 ізгі іс эстафетасының символы Тайқазан» акциясы сынды ауқымды жобаларға қатыстық. Осының барлығы менің ойымша, мұнайлы аймақта тұратын ұлттар татулығының арқасы деп білемін. Біз сондай-ақ, Президент сайлауына да өз үлесімізді қостық», деді ол. Содан соң, Амангүл Әбдіғалиқызы «Қоғамдық келісім» мекемесі ҚХА 20 жылдығына арнайы жасалған күнтізбе мен Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» жоспарын қамтыған ақпараттық парақшаны департамент басшысына ұсынды.
Ал, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Айрапет Курдоглян болса, жиынға қатысушыларды өз елін, өз жерін сүюге шақырды:
- «Біз Қазақстанға қиын-қыстау жылдарда келдік. Сонда қазақ елі бізідң кеудемізден итермей, бізді бауырына басты. Бұл менің ойымша, тек Қазақ сынды дана халықтың қолынан келетін дүние. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында Қазақстанда бүгінде жүздеген өзге ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Мен осындай Қазақстаныммен мақтанамын. Жүрген жерімде Қазақстанның жақсылығын айтып, мерейін асырып жүремін», деді ол. Айрапет Алексанович қатысушыларға армян халқының киелі хачкар тасын сыйға тартты.
Ал, жиында соңғы болып сөз алған «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Фатима Биркле болса, осетин мен қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына тоқталып, қазақ елінің бүгінгі жеткен жетістігін айтып, департамент қызметкерлеріне сыйға осетин халқының тойда ұсынатын құнды ыдысын берді.
Жиын соңында барлығы естелікке сүретке түсіп, Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің жайған ақ дастарқанынан дәм ауыз тиді.
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы