04 Желтоқсан, 2015
1000
«Әйтеке би – мемлекет қайраткері» ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2015 жылғы 4 желтоқсанда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің әкімшілік ғимаратында «Әйтеке би – мемлекет қайраткері» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
2015 жылғы 4 желтоқсанда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің әкімшілік ғимаратында «Әйтеке би – мемлекет қайраткері» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушылары: Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ, С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы, Әйтеке би облыстық мейірімділік қоры.
Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ғалым - оқытушылары, ҚХА «Бірлік» ақсақалдар Кеңесінің мүшелері, Әйтеке бидің ұрпақтары, жастар қауымы қатысты.
Е.Ж. Құрманбек Әйтеке би мейірімділік қоры мен ҚХА-жанындағы «Бірлік» ақсақалдар Кеңесінің төрағасы өз сөзінде: «2015 жыл маңызды шараларға толы мерейлі жыл болды. Қазақ хандығының 550-жылдығы, ҚР конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы елімізде жан-жақты аталып өтілуде, түрлі тәрбиелі мазмұнды шаралар өтуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін өткен ғасырларда еліміз үшін айрықша еңбек сіңірген тарихи тұрлғалардың қоғамдағы өмірлері олардың атқарған істері анықталып тарихта орынды бағалар беріле бастады. Соның бірі Әйтеке би – кіші жүздің биі, хан кеңесінің мүшесі. Қара қылды қақ жарған әділетті тұлға»,-деді.
Ал Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры фил.ғ.к. доцент М.О.Миров қазақ қоғамындағы билердің атқарған қызметтеріне тоқталды. Ол XIX ғасыр қазақ ағартушыларының бірі Ш.Уалихановтың зерттеулерінен мысалдар келтіре сөйледі. «Бүгінде, мемлекет басқаруда билердің қызметінің кейбір бағыттарын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ел өмірінде негіз етіп пайдаланып жүр»,- деді ол.
Конференция барысында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-профессоры, т.ғ.д. Р.А.Бекназаров «Дара - дана тұлға Әйтеке би» тақырыбы бойынша баяндама оқыды.
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-доценті, фил.ғ.к. Б.Ш.Баймұқанов өз сөзінде: «Қазақ хандығының 550 - жылдығына байланысты Әйтеке би қоры нақтылы іргелі істерді атқарды. 2014 жылы Қарағандыда Әйтеке биге байланысты Республикалық ғылыми тәжірибелік конференция өтті, онда Ақтөбеліктер 32 баяндама жасады. Мен өзім бір кезде университет жанынан «Билер алқасы» туралы арнайы курс жүргіздім» -деді. Ол осы конфернцияда Әйтеке биге байланысты «Тарихты – тану тағылымы» баяндамасын ұсынды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының доценті, п.ғ.к. А.Дүйсенбаев Әйтеке бидің өмір жолына тоқтала келіп, ел басқарудағы отансүйгіштік бағыттарына назар аударды.
Шара соңында Әйтеке би қорының төрағасы Е.Ж.Құрманбек «Кітапханаға – кітап» акциясын өткізіп Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-кітапханасына 40 кітапты сыйға тартты.
«Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
11 Маусым, 12:38
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
вчера, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
сегодня, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды