25 Қараша, 2019
1602
Қызылордада тіл саясатын жүзеге асырудағы Ассамблеяның рөлі талқыланды
Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мәміле» қазақ тілі пікір алмасу клубының отырысы өтті. Оған этномәдени бірлестік мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және ұстаздар қауымы қатысты.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, «Мәміле» клубтарының басты мақсаты - мемлекеттік тілді, қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын зерттеу арқылы Қазақстандағы азаматтық қоғамды топтастыру.
Тағылымы мол жиында өңірздегі тіл үйретудің жай-күйі, облыстық ассамблеяның тіл саясатын жүзеге асырудағы рөлі жайлы «Қоғамдық келісім» мекемесінің аға сарапшысы, «Мәміле» клубының үйлестірушісі Шахизат Абдраманова сөз қозғады.
Ал қоғам белсендісі, өлкетанушы Сағат Жүсіп аталған жобаның жұмыстары және «Ситуативті қазақ тілі» кітабы жөнінде ойын ортаға салды.
Тіл үйренудің өзіндік жолдарын қарастырып, насихаттап жүрген облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі Родион Лебедев өз ұсыныстарымен бөлісті.
Отырыс соңында қатысушыларға «Мәміле» клубының республика бойынша үйлестірушісі, кітап авторы Қанат Тасибековтың арнайы жіберілген сертификаттары табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті