
04 Мамыр, 2016
973
«ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС КЕЛІСІМ БАР
Қазақстандықтар үшін "Қазақстан халқының бірлігі күні" ерекше мәнге толы – бұл достық, түсіністік пен келісімнің жарқын мерекесі. Біздің елімізде бір шаңырақтың астында 130 ұлт пен халық өкілдері тұрып жатыр, олардың әрқайсысы өздігінен бірегей, дегенмен барлығымыз бірге – Қазақстан халқының біртұтас ұлтымыз.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ бейбітшілікті сақтау және барлық этнос өкілдерінің мәдениетін, тілін, дәстүрлерін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісімді, толеранттылықты нығайту жөніндегі Елбасының саясатын іске асыру барысында Қазақстан халқы ассамблеясы маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының XX сессиясында берген тапсырмасын орындауда еліміздің барлық аймақтарында Қоғамдық келісім кеңестерінің құрылуы жалғасын табуда.
2016 жылғы 29 сәуірде «Қызылжар су» ЖШС акт залында кәсіпорынның бас директоры Ж.Х. Сұлтановтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының басшысы Н.К. Салимовтың қатысуымен «Қызылжар су» ЖШС Қоғамдық келісім кеңесінің бірінші отырысы өткізілді. Кеңесті құрудың негізгі мақсаты кәсіпорындағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайту, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді бірлесе шешу болып табылады.
Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында «Қызылжар су» ЖШС құрылымдық бөлімшелер арасында «Бауырсақ және кулич күні» ұлттық тағамдар конкурсын өткізу дәстүрге айналған. Қаламыздың сумен жабдықтау кәсіпорнының үлкен отбасы құрамына 12 ұлт өкілдері кіреді екен, олардың ішінде қазақтар, орыстар, украиндер, осетиндер, поляктар, башқұрттар, белорустар, мордвалар, немістер, татарлар, армяндар және әзірбайжандар бар.
Конкурстың мақсаты – кәсіпорын қызметкерлерінің ұлттық аспаздық тағамдарды дайындау мен әзірлеудегі шығармашылық қабілеттерін анықтау.
Әр бөлімше пісірілген наны бар ұлттық дәстүрлі үстел дайындады. Бұл жерден бауырсақтың, тоқаштың, бәліштің, құймақтың және басқа тағамдардың дәмін татуға мүмкіндік болды. Шай қайнап жатқан самауырлар мен баранкалар, жайдарлы әндер мерекеге тамаша көңіл-күй мен ерекше хош иіс сыйлады.
Жұмысшылармен қоса бұл күні кеңсеге қызмет үшін ақы төлеуге келген тұтынушылар да қалалық су арнасы еңбекші әйелдерінің аялы алақанымен дайындалған дәмді пісірілген нанның дәмін татып, шай ішті.
Эльмира Құсайынова,
"Қызылжар су" ЖШС
баспасөз хатшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті