28 Тамыз, 2017
2173
«ӨЗ ӨЛКЕҢДІ ТАНЫ!» ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының ұйымдастыруымен 22 тамыз күні Әулие ата жерінде «Өз өлкеңді таны!» атты облыстық тарихи-мәдени экспедициясы бастау алды.
Аталған іс-шараға өңірлік этномәдени бірлестіктер, өңірдегі тарихи-өлкетану мұражайлары, әр ауданнан келген жастар ұйымдары, барлық деңгейдегі өңірлік кітапханалар, ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. Экспедицияның негізгі мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын іске асыру және Мемлекет басшысының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін дәріптеу. Үш бағытқа бөлінетін саяхаттың ашылуы Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы Достық үйінде болды. Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Камал Нарбатыров экспедицияны ашып, қатысушыларға ақ жол тіледі: «Бұл экспедиция барысында бүкіл облысты қамтып, тарихи құндылығы бар деректерді жинау үлкен бір мақсатқа айналып отыр. Біздің жастардың санасына ерекше ой, бойларына патриоттық сезім ұялататындай саяхат боларына сенемін. Ақ жол!».
Бірінші бағыттың алғашқы аялдамасы Тараз қаласындағы Қарахан баба кесенесі мен Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі кесенесі болды. Одан кейін Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы мұражайына аттанды. Бұдан кейін саяхатшылар Талас ауданында орналасқан Тамды қалашығы мен Сарысу ауданындағы Ықылас Дүкенұлы мұражайын тамашалады.
Дәл осы уақытта екінші бағытпен шыққан саяхатшылар Байзақ ауданындағы Ақыртас қалашығына, Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан төбе қалашығына және Меркі ауданындағы Сыпатай батыр мавзолейіне экспедиция жасады. Ал үшінші бағыттағы қатысушылар Шу ауданындағы Жайсаң қорымы мен Қордай ауданындағы Өтеген батыр кесенесіне барды.
Экспедиция құрамын Жамбыл облысы әкімі аппаратына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің жауапты мамандары мен Қазақстан халқы ассамблеясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеев бастап жүрсе, аймақтардағы мәдени ескерткіштер мен тарихи орындарды таныстыру жұмыстарын өңірімізге танымал археолог Сауран Қалиев жүргізді.
Әулиеата өңіріндегі «Өз өлкеңді таны!» тарихи-мәдени экспедициясы республикалық маңызы бар «Берікқара» шатқалында қорытындыланып, «ҚХА жастары - 2017» форумымен жалғасты.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі
Дата события ассамблеи: 28.08.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Түркістан облысы тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Шымкент қ. өзбек этномәдени орталығының активімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Шымкент қ. өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесті