
02 Маусым, 2017
1586
1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күні
Атырау қаласында 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді. Бұл мереке сәбиміздің күлкісі мен шат-шадыман қылықтарымен жылдың жаз мезгілін қарсы алатын күн болып табылады. Өйткені, бұл мезгіл жай ғана бір күндік мереке емес, қыс бітіріп, көктем келіп, мектеп жасындағы балалардың көптен күткен жазғы демалысқа шығатын тамаша уақыт. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған сәби жазылмайтын ауруларға ұшыраған, қалыпты тамақтану және өмір сүру жағдайлары нашарлап, кейбіреулері тіпті ата-анасының мейіріміне мәжбүр болып, өз бетінше өмір сүруде.
Бұл мәселелерді қадағалап, қоғамдық саяси тұрғыда балалар проблемасына айналдырмау мақсатында осы ерекше мерекелік күнде Атырау облысының этномәдени бірлестіктері көптеген іс-шаралар ұйымдастырды.
«Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігі Атырау облыстық балалар ауруханасында «Бақытты балалық шақ» атты концерттік бағдарламаға демеушілік танытты. Бүгінгі күнді ауруханада қарсы алып жатқан балаларды мерекесімен құттықтап, жарқын өмірде жайдарлы ғұмыр кешіңдер деген лебізін білдірді. Аурухананың бас дәрігері Нұрғабыл Айтмұхамбетов балаларды құттықтап, осы жерден аман-есен жазылып отбасыларына қосылуға тілектестік білдіре отырып, ұжымының атынан сыйлықтар табыс етті.
Сондай –ақ атаулы мерекеге Қазақстан түріктері «Ахыска» қоғамы Атырау облыстық филиалы кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының балаларын «McMagic» мейрамханасына түскі асқа шақырып, балаларға - «Дендерің сау болып, Қазақстанның болашағын жарқын ететін өздеріңіз, сондықтан жүздеріңізден күлкі кетпесін, басты байлық -денсаулықтарың зор болсын» - деген тілек тіледі.
Атаулы мерекеден «Татулық» татар –башқұрт этномәдени бірлестігі де қалыс қалмады. Бұл бірлестіктің ұйымдастыруымен «Джумиян» мейрамханасында жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық ас өтті. Мүмкіндігі шектеулі балалармен қоса ата-аналары да келіп, концерттік бағдарламаны тамашалап, балалардың әрқайсысына сыйлақтар таратылып, мерекенің арты ән-бимен жалғасып, мәз-мейрам болып тарасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды