06 Тамыз, 2015
829
100 НАҚТЫ ҚАДАМ – 100 НАҚТЫ ШЕШІМ
Бүгін Қарағанды қаласында ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ғалым Ахмедияров республикалық ақпараттық-насихаттық топ жұмысы аясында дөңгелек стол өткізді.
Бүгін Қарағанды қаласында ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ғалым Ахмедияров республикалық ақпараттық-насихаттық топ жұмысы аясында дөңгелек стол өткізді. Оған облыстық басқармалардың басшылары, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында Елбасы ұсынған бес институтционалдық реформасы «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру кеңінен тақыланды. Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров кездесу барысында ұлт жоспарының 4-бағыты «Біртектілік пен бірлік» туралы жан-жақты баяндады. Атап айтқанда, 4-бағытқа қатысты алты анықталған қадамның міндеттері және оны қалай іске асыру жөніндегі алдағы атқарылар жоспарларды жіктеп айтып берді. Соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеліп отырған міндеттерге тоқталды. Ел бірлігін сақтап, нығайту үшін «Үлкен ел – үлкен отбасы» ұлт жобасы жасалып, Ассамблея оны іске асыруды қолға алғанын атап өтті. Аталмыш жобаға Ассамблеяның XXII сессиясындағы Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары енгенін жеткізді. Оның ішінде:
біріншіден, өңірлік мәдени-туристік кластерлерді құру;
екіншіден, «Қазақстан энциклопедиясы» интернет-порталын құрастыру;
үшіншіден, аймақтарда этноауылдарды ұйымдастыру;
төртіншіден, Қайырымдылық қызмет орталығы ретінде КХА қызметін модернизациялау жұмыстарын ұйымдастыру және т.б.
Әсіресе, «Мәңгілік ел» құндылықтарын насихаттау, азаматтық бірегейлікті арттырудағы «Менің елім» бағдарламасын іске асыру, осы сынды басқа да көптеген ұлттық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру алған қойылған алғашқы мақсаттар екенін ерекше басып айтты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», осы тарапта атқарылатын жұмыстарға атқарушы органдар айрықша көңіл бөліп, барлық мігдеттердің мінсіз орындалуын қадағалап, барлық бастамаларды тиянақты аяқтауға атсалысуын сұрады.
Кездесу барысында биылғы мерекелерді атап өту жоспары да айтылды. Ең ерекше назар аударатындары - Конститутцияның 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы ел тарихында тұңғыш рет атап өтілетін үлкен мереке болатынын, ондағы дайындық барысынан қысқа да нұсқа ақпарат беріп өтті. Бұл орайда да жергілікті билік органдары барлық шаралардан тыс қалмаса екен деген өтінішін білдірді.
Қарағанды облысы әкімдігінің
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: arai.lym.nur@gmail.com
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Қарағандыда көше атауларын өзгертуді қолдаған тұрғындар Абайдың әнін шырқады
-
Аналар кеңесі отбасындағы тәрбиені талқылады
-
Педагогтар: Мектеп медиациясы, ең алдымен, дау-дамайдың алдын алуға бағытталуы тиіс
-
Жезқазғанда «Тұлға» сыйлығы табысталды
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Қарағандыда көше атауларын өзгертуді қолдаған тұрғындар Абайдың әнін шырқады
-
Аналар кеңесі отбасындағы тәрбиені талқылады
-
Педагогтар: Мектеп медиациясы, ең алдымен, дау-дамайдың алдын алуға бағытталуы тиіс
-
Жезқазғанда «Тұлға» сыйлығы табысталды