31 Шілде, 2015
927
100 НАҚТЫ ҚАДАМ – ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
2015 жылғы 31 шілдеде сағат 15.00-де Алматы қаласы Достық үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға этномәдени бірлестіктердің қатысуы жөнінде «дөңгелек үстел» өтті.
2015 жылғы 31 шілдеде сағат 15.00-де Алматы қаласы Достық үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға этномәдени бірлестіктердің қатысуы жөнінде «дөңгелек үстел» өтті.
Бұл іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Л. Ни, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры – Н.Калашникова, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы – М. Әуезов, Алматы қаласы ҚХА басшысы – М. Әбдәлиева, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ мен Достық үйлерінің қызметкерлері қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, оған этномәдени бірлестіктердің қатысуын талқылады.
Атап айтқанда, венгер мәдени орталығының төрағасы А. Папп: «Барша қазақстандықтарды мемлекеттің жаңа саяси бағыты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын мұқият қарап, зерттеуге шақырамын. Сонда ғана қазақстандықтар және қазақстандық кәсіпорындар табысқа жетеді. Жаңа экономикалық саясаттың басты мақсаты – бұл әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу, 2050 жылға қарай қуатты мемлекет пен экономикасы дамыған және Жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктері негізінде берекелі қоғам құру. Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ойдағыдай жүзеге асыру тікелей Қазақстанның және әрқайсымыздың амандығымызға байланысты» - деді.
Венгер мәдени орталығының басшылығы мен ұжымы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруды толықтай қолдайтынын, Орталықта атқарылып жатқан жұмыстар осы бағдарламадан негіз алатынын және бағдарламаға сай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетіндігін атап айтты.
Сонымен қатар, түрікмен этномәдени орталығының төрайымы Г. Аннакулиева «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 86-қадамы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең ауқымды жобасын әзірлеу және жүзеге асыру туралы өз ұсыныстарын айтты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Л. Ни этномәдени бірлестіктердің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға қатысуының негізгі тетіктерін нақтылап берді.
Өз сөзінде ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Н. Калашникова Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізу барысы туралы қатысушыларды хабардар етіп, ҚХА жылының жобалары, сондай-ақ жалпымемлекеттік міндеттерді шешу бойынша арнайы бағдарламаларды іске асыруға этномәдени бірлестіктердің қатысуы туралы баяндады.
Сонымен қатар, «дөңгелек үстел» аясында еркін пікірталас өтіп, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге айтылған ұсыныстар талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады