
11 Қыркүйек, 2019
4463
«100 Жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Түркістан облысының жастарымен кездесті
Сарабдал саясаткер Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «100 Жаңа есім» жобасының аясы бүгінде кеңейіп келеді. Әсіресе, биылғы «Жастар жылына» орай жоба кейіпкерлерімен кездесу ауқымы кеңейе түскен.
Соның бірі – жуырда Түркістан облысы Сайрам ауданында өткен ауқымды басқосу. Ақсукент ауылына қарасты Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінің білімгерлері бірқатар аптал азаматтармен кездесті. Олардың арасында еңбек адамдары мен жеке кәсіпкерлер, спорт саңлақтары, сондай-ақ журналист, суретшілер де бар. Есімдері ерен, аттары асқақ тұлғаларды дәріптеуді қолға алған Ассамаблея мүшелері бүгінгі келелі отырыстың маңыздылығына тоқталды.
Айта кеткен жөн, Қазақстанның «100 Жаңа есімі» жобасының кандидаттары мен жеңімпаздарымен жүздесу «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастардың алтын бесігі» тақырыбымен айдарланды.
Студенттерге серпін берген кездесудің негізгі мақсаты - жас ұрпаққа еңбекқорлығымен елге танылып, білімімен биікке шығып, дарындылығымен дараланған азаматтардың шынайы тарихын көрсету, «100 Жаңа есім» жобасына негізделген мәдениеттің мәйегі мен тарихтың таңбасын, философиясы туралы, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін одан әрі жетілдіру.
Алғашқы ақжарма сөзді алған Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев кездесуге келген кейіпкерлерді таныстырып, жетістіктеріне тоқталды. Мұнымен бірге ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің директоры Саттар Мәжитов ел үшін қызмет етіп жүрген абыройлы азаматтарды үлгі етуге шақырды.
Сонымен қатар, Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, «Қайып ата» ЖШС-нің директоры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Сырым Ертаев, «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы, жоба қатысушысы Алишер Сатвалдиев, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Орынбасар Құралбай, суретші-кескіндемеші, фотосуретші, жоба қатысушысы Бейбіт Бертаев сынды азаматтар бар.
Олар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жеңімпаз атану жолындағы қиындықтары мен қызықтарын ортаға салды. Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиет пен ұлтжандылық сезімді ояту мақсатында қолға алынған жобаның құндылығын насихаттады. Студенттер кейіпкерлерге көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды