19 Қазан, 2023
305
"Шаңырақ" ҚХА кафедралары, орталықтары, колледждері мен өкілдіктері қауымдастығының І Форумы өтті
19 қазанда Республика күніне орай жəне Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының 10 жылдығы қарсаңында университет қабырғасында "Шаңырақ" ҚХА кафедралары, орталықтары, колледждері мен өкілдіктері қауымдастығының І Форумы өтті.
Форумның мақсаты қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін, сондай-ақ студент жастар арасындағы азаматтық қағидаттарында қазақстандық бірегейлікті нығайту бойынша бірыңғай ғылыми жəне оқу-əдістемелік тəсілдерді əзірлеу болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Əзілханов ҚХА кафедралары 10 жыл ішінде ғылыми-білім беру, оқу- əдістемелік, əлеуметтік-тəрбиелік, қоғамдық-маңызды жəне ғылыми- сараптамалық бағыттарды қамтитын бірыңғай жүйе құрылғанын атап өтті. Қазақстан бірлігін нығайтудың жаңа пəрменді құралдарын құру этносаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру үшін институционалдық жəне инфрақұрылымдық базаны күшейтуге мүмкіндік береді.
Пленарлық сессия барысында ғылыми-сараптамалық, білім беру жəне ағартушылық бағыттарды ілгерілетуге, ҚХА кафедраларының мəртебесі мен атауын біріздендіруге, сондай-ақ этносаралық қатынастар, этноменеджмент жəне т.б. салаларды жаңғырту бойынша ғылыми материалдарды, идеяларды, ұсыныстарды насихаттау үшін "Этносаясаттанушы" коуч- платформасын құруға баса назар аудара отырып, БАҚ-та ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын күшейту жөніндегі бастамалар талқыланды.
Форум барысында ҚХА мен ЕҰУ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов этникалық БАҚ басшыларымен кездесті
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55