03 Қазан, 2018
1800
20 қарашада «Шаңырақ» этножурналистика байқауының жеңімпаздары анықталады
Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Шаңырақ» Республикалық журналистік байқауының қорытындысын шығарады.
Байқауға мемлекеттік рәміздерге, қазақстандық патриотизмді нығайтуға, мемлекеттік тілді, қазақстандық этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуға арналған; этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған; этномәдени бірлестіктердің қызметін насихаттайтын жұмыстар қабылданады.
Өткен жылдардағы конкурстық жұмыстарды талдау — олардың тақырыптық, жанрлық әртүрлілігін және авторлардың көпұлтты Қазақстан үшін маңызды қоғамдық келісім мәселелерін жария етуге ерекше көзқарасын білдіреді.
2018 жылдың 19 маусымында Бурабай курорттық кентінде Абылай хан алаңында бастау алған «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының тақырыптары бойынша конкурсқа қатысушыларға жаңа мүмкіндіктер ашылады. «Қазақтану» жобасының негізгі міндеттері — қазақстандықтарды қазақ халқының мәдениетінде қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлермен таныстыру; қоғамдағы өзара сенім мен өзара қарым-қатынасты қалыптастыру; бірлік пен ұлтаралық келісім дәстүрінің негізінде орнаған ұрпақаралық байланысты дамыту.
«Шаңырақ» шығармашылық байқауы дәстүрлі түрде екі кезеңнен тұрады. Бірінші (аймақтық) кезеңнің ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ. Екінші республикалық кезеңнің қорытындысын «Қоғамдық келісім» РММ шығарады.
Өңірлік деңгейде конкурсқа қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады. Бірінші кезеңнен өткен конкурстық жұмыстар «Қоғамдық келісім» РММ-не 2018 жылғы 1-20 қазан аралығында екінші (республикалық) кезеңнің қорытындысын шығару үшін беріледі.
Байқауға қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, сарапшылар мен жеке авторлар қатыса алады. Конкурс туралы ереже мен өтінім нысаны ҚХА ақпараттық порталында жарияланды: http://assembly.kz.
Конкурсқа баспа БАҚ-та, интернет-ресурстарда орналастырылған материалдар (жариялымдар, аудио және бейне файлдар); эфирге шыққан теледидар және радиобағдарламалар, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бағдарламалар қабылданады. Материалдардың жарыққа шығу және эфирге шығу кезеңі 2017 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін.
Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда мына телефон арқылы хабарласыңыз: + 7 7172 74 12 15.
Дата события ассамблеи: 02.10.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты