Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Маусым, 2015

1883

2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтуде.

2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтуде.

Сессия барысында жастар мәселесі талқыланды. Өскелең ұрпақтың мінез-құлықтарында жұмсақтық, кішіпейілдік, төзімділік қасиеттерін қалыптастыруға, діннің жастарға игі ықпалын ғылым, мәдениет, білім беру арқылы инвестициялау туралы ойлар айтылды.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер идеяларын ілгерілетіп, проблемаларын шешуде Әлем лидерлері кеңесіне барынша қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Бүгін сессиялар барысында «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының іс-қимылы, Украинаның шығысындағы ішкі әскери жанжалдар талқыланды.Экстремистік ұйымдардың діни негізде жасаған іс-қимылдары ислам дінінің мәнін бұрмалап түсіндіретін қылмыстық әрекет болып табылады.  Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарының  дінаралық алауыздықты тудырудағы жауапкершілігі атап көрсетілді. Бейбіт халықты қорғау және бүкіл әлемде зорлық-зомбылықты болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарама-қарсы тараптарды өзара келіссөз бастауға, съезге қатысушыларды бейбітшілікті үндеу ісін арттыруға  шақырды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V  съезіне әлемнің 40-тан астам елінен түрлі конфессиялардың 80 делегациясы  келді.  Съезд жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, БҰҰ Бас хатшысы   Пан Ги Мун, әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлері қатысты.

Фото  Сергей Островскийдікі 

 

Кейін қарай