Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Ақпан, 2015

916

2015 жылдың 6 ақпанында Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының салтанаты ашылуы болды

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының бастау алуы барлық аудан, қалаларында синхронды түрде өтті. Салтанатты синхрон-акция Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында ашылып, осы ауқымды шараға шамамен 3 мыңға жуық адам қатысты. Шараның ашылу рәсімі Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туын көтеруден басталды. Акция барысында Алматы облысының әкімі А.Баталов Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған құттықтау сөзін оқып берді. «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аясындағы «20 -   ізгі іс» эстафетасы Ақсу ауданына тапсырылды. Сондай-ақ, «Аңсаған мамандық», «Шаңырақ», «Мың бала», «Ұлттық рух» байқаулары, конкурстары мен жобалары да бастау алды. Осы орайда ағымдағы жылдың соңына дейін облыс көлемінде 80-нен астам ауқымды шараларды өткізу жоспарланып отыр. Шараның негізгі бөлігінде көрермендер назарына Қазақ хандығының 550 жылдығына, Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына, Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Конституцияның 20 жылдығына арналған театрландырылған көріністер, «Бауырсақ мейрамы», жастар флеш-мобы және әр түрлі ұлт өкілдерінің әндері мен билерінен тұратын концерттік бағдарлама ұсынылды. Құрметті қонақтар қатарындағы Ұлы Отан Соғысының Белорус майданына қатысқан ардагерлерді мараппаттау рәсімі де ешкімді бейжай қалдырмағаны анық. Облыс әкімі А.Баталов Белорусия Республикасы үкіметі өтінішімен П.Ещенко, Ш.Исмаил және А.Есболатоваларға «Белоруссияның неміс-фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 70 жыл» мерекелік медальдарын тапсырды. Шара барысында әр түрлі этнос өкілдері бүгінгі бастау алған акция туралы өз ойларымен бөлісіп, Ассамблеяның толеранттылық, өзара түсіністік және достықты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті. Ассамблея Жылы аясындағы синхронды-акция қоғамдық келісім мен бейбітшілікті насихаттау ісіндегі зор маңызды шара ретінде көрермендердің жадында қалары сөзсіз.

 

Кейін қарай