
24 Қаңтар, 2017
647
2016 жылы атқарылған жұмыс көп
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ 2016 жылы атқарған жұмысы жайлы қорытынды есеп беру жиналысы өтті. Жиынға Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Рахматілдә Сегізбайұлы Рахманбердиев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Төреғұлқызы Қожаева және хатшылық мамандары, облыстық этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, сондай-ақ жастар лигасының мүшелері қатысты. Жиналғандар алдында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.М.Убайдуллаева 2016 жылғы атқарылған жұмыс жайлы қорытынды жұмысын баяндады.
«2016 жыл – әр қазақстандықтың өміріндегі ерекше орын алатын жыл. Себебі біз тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы салтанатты атап өтілуін өз көзімен көрген куәгерлерміз. Еліміз тарихтың сан түрлі сынына ұшырағанымен, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен бірге мықты, замануи ел болуға ұмтылып келеміз. Бірлігіміздің, ұлттық рухымыздың арқасында экономикалық тұрғыда дамып, азаматтық келісімге қол жеткізіп отырмыз», - деп атап өтті Р.М.Убайдуллаева.
Жалпы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының айтуынша, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспары бойынша «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасы, «Болашағы біртұтас ел» жалпыұлттық ақпараттық компаниясы және этномәдени бірлестіктердің қоғамдық-саяси іс-шаралары өткізілген.
Өңірлік ассамблея жанындағы ғылыми-сараптамалық топ жыл бойына екі бағыт бойынша жұмыс атқарған. Біріншісі – әлеуметтік зерттеу шеңберіндегі өңіріміздегі этносаралық жағдайдың мониторингісін анықтау, екіншісі – «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы мен біртұтастықты насихаттау бойынша жұмыс жүргізуге қабілетті ғылыми қауымды тарту.
Сонымен қатар, еліміздің бірлігін сақтау, оны насихаттау бағытында бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі форматта 906 мақала жарық көрсе, телеарнада 32 сюжет көрсетілген және 408 материал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайтында жарияланған.
Еліміздің бірлігін нығайту мақсатында өңірімізде 120 000 адамның қатысуымен көпшілікке арналған 179 іс-шара өткізілген.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы