Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қаңтар, 2017

736

2017 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарына қол қойылды

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еділ Мамытбеков және Қазақстан халқы Астана қалалық Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Ләззат Құсайынованың қатысуымен 2017 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарына қол қойылды.

Іс-шараға Астана қалалық ҚХА-нан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазов, «Қырғыз-Астана» ҚБ жетекшісі Шавкат Исмаилов, «Астана қалалық өзбек этномәдени орталығы» ҚБ жетекшісі  Шерзод Пулатов, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.  

 «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға 2016 жылы қол қойылғанын атап өтуіміз керек,. Сол әріптестік аясында жыл бойы елордамызда бірқатар бірлескен іс-шаралар өтті, сондай-ақ, этномәдени бірлестіктерде партияның бастауыш ұйымдары тіркелді.   

 

Кейін қарай