16 Мамыр, 2015
1249
22 сессия делегаттарымен кездесу өтті
«Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы – халықаралық келісім мен ішкі саясат тұрақтылығының кепілі» тақырыбында Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХII сессиясының делегаттарымен кездесу өтті.

Шараның басты мақсаты - этносаралық келісімді, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бір шаңырақтың астында тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сақтап, елін, жерін сүюге ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға бағыттау.
Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХII сессиясының делегаттары: БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, БҚО ҚХА хатшылығының басшысы Ғ.Х.Қапақов, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш этно -мәдени бірлестігінің төрағасы Д.А.Саратов , «Яик» фольклор-этнографиялық казактар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.В.Новиков, Батыс Қазақстан облысының «Еднання» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы В.И.Тарасенко, БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісімі» КММ-нің бас кеңесшісі Т.В.Болдырева, жоғары және арнайы оқу орны студенттері мен оқытушылары шақырылды.
Шараға «Ұлт достастығы – ұлылықтың бастауы» тақырыбында кітап көрмесі дайындалды.Шара барысында «Мәңгілік ел» идеясы туралы сөз қозғалды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды мемлекеттік ұлттық саяси, мәдени және этносаралық келісім механизімі, түрлі ұлттар арасындағы мәміле құралы екені туралы БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, БҚО ҚХА хатшылығының басшысы Ғ.Х.Қапақов айтып кетсе,
«Вайнах» шешен - ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Д.А.Саратов өз сөзінде 1995 жылы бірінші сессияға Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев түрлі этностардың әкілдерін жинап, сол уақытта кеңестік одақтан шыққан басқа мемлекеттерде орын алып жатқан жәйсіз жағдайларды болдырмау мақсатында бәріміздің басымызды біріктіру үшін бір ұжым құруымыз керек деді. Осылай Қазақстан халқы Ассамблеясы дүниеге келді, деп 20 жыл бұрын көбінің сенімсіздігіне ұшырап, бірақ жылдар өте Қазақстанда ғана бар азаматтық институттың Қазақстанның бірлігін нығайтуға үлес қосып келе жатқан Ассамблеяның қалай құрылғаны туралы айтып берді.
Ж. Молдагалиев атындағы облыстық әмбебап қітапханасының директоры Роза Исатаева Ассамблея жылы аясында «читающий автобус» акциясын өткізу идеясын ұсынды, акция барысында автобус жолаушылары қатарында этномәдени бірлестіктерінің төрағалары қатысып ҚХА тарихынан әр ұлыстың салт дәстүрлері туралы әңгіме айтылатыны туралы сөз қозғады.
Қазіргі уақытта Ассамблея жылына арнап библиотека қызметкерлері мультимедиялық жинақ әзірлеуде.
Толкын Нургуатова
«Қоғамдық келісім» БҚО КММ
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты