
03 Мамыр, 2016
2203
23 сәуір - Түркияда балаларды қорғау күні
«Балалар - өмірдің гүлі!» – түріктер үшін бұл сөздер ерекше мәнге ие. Түрік халқының ұлттық ерекшеліктерінің бірі өскелең ұрпаққа деген шексіз махаббат болып табылады. Түрік отбасылары әдетте көп балалы, оларда үш не одан да көп баланың болуы қалыпты болып келеді. Түркияда балаларға арналған ерекше мереке - Cocuk Bairami бар. Ұлттық мейрам күні 23 сәуір болып табылады. Түрік Республикасының бірінші президенті Кемаль Ататүрктің өсиеті бойынша бұл күні ересектер бір уақытқа өз беделінен бас тарту қажет. Оның қанатты сөзі «Бүгін балалар - ертең ересектер».
Мектептердің басты көшелері мен аумақтары гүлдермен, әуе шарларымен көріктендірілген және көсемнің портреттері, сондай-ақ түрік жалаулары ілінген. Бұл мереке қағида бойынша орта оқу орындарында өткізіледі. Оқушылар депутаттар, министрлер, мэрлер болып сайланады. Кейбіреулері кадрлар бөлімінде жұмыс істеуге жіберіледі. Оқушылар қала көшелері бойымен бірыңғай мектеп формасын киіп, сапқа тұрып өтеді. Мереке аясында мектеп оқушылары арасында концерттер және жарыстар, сондай-ақ әр түрлі елдерден балалар қатысатын семинарлар, олимпиадалар, брифингтер ұйымдастырылады. Оларға оқу орындарының басшылығы экскурсиялар және түрік отбасылары үйлерінде тұруды ұйымдастырады. Әдеттегідей бұл балалар негізгі пәндермен қоса тіл мен ұлттық дәстүрлерді меңгеретін өз Отандарындағы түрік мектептеріне барып қайтады.
«Түрік мәдениеті» ҚБ 10 жыл осы мейрамды атап өтуде. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттан балалар, этномәдени орталықтардан ұлттық костюмдер киіп, билері, әндері және өлеңдері арқылы мерекемен құттықтайтын балалар шақырылады. Бұл күні зал жалаулармен, шарлармен әдемі безендірілді, әсем музыка үні шығып жатты. Балалар әр түрлі халықтар ойындарын ойнады, конкурстарға, би марафондарына және т.б. қатысты. Барлығын мерекелік ас күтіп тұрды.
2015 жылдан бастап «Түрік мәдениеті» ҚБ облыс аудандарынан балаларды шақырып келеді. Алдыңғы жылы Бескөл ауданынан «Мақсат» қазақ орталығының балалары болды, олар әсерлі әндерімен мерекемен құттықтады. Биыл Архангельское ауылынан «Кали ласка» белорус орталығынан балалар - қасықпен ойнауылар ансамблі шақырылды, олар өз өнерлерін паш етіп, түрік орталығын және балаларды шын көңілден құттықтады. Латын америкалық бағдарламамен Аэлин Аялп және Сардар Картал шықты. «Халай» түрік биі бәрін тәнті қылды. Әндер қазақ, армян, татар, еврей, түрік және басқа тілдерде шырқалды.
Ал мереке басталмас бұрын түрік орталығындағы жүргізушілер жиналған қауымды ағылшын және қазақ, орыс және түрік тілдерінде құттықтап өтті. Орталықтың төрағасы И. Картал тамаша балалар күні мерекесіне құттықтау сөздерін білдірді. «S’AVANCER» хореография мектебі өз өнерлерімен балаларға қуаныш сыйлады. Балалар өткен жылғы мерекенің «коллажын» қызығушылықпен қарады, «Мирная игрушка», «Играя, думаем о мире» көрмесімен танысты. Соңында балалар тәтті тортпен шай ішіп, әр бала тәтті сыйлықтар мен естелік фотоларға ие болды. Мереке екі жарым сағатқа ұласты. Ересектер мен балалар «Түрік мәдениеті» ҚБ ұйымдастырушыларына осындай тамаша, қуанышты және тәтті мейрам сыйлағандары үшін алғыстарын білдірді.
Д.Хасанова,
«Түрік мәдениеті» ҚБ төрағасының орынбасары
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды