
02 Қазан, 2018
4602
26 ЖЫЛ БҰРЫН ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДОСТЫҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ
1992-ші жылы Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан халқының Достық үйін ашты.
Ол республикамыздағы ең алғашқы атанды. Достық үйі ұлтаралық татулықты нығайтып, тілдер, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, мәдени мұраны сақтап, қазақстандық партиотизмге тәрбиелеу мақсатында құрылған.
Ең бірінші болып Достық үйінде кәріс және неміс этномәдени орталықтары орналастырылды. Кейіннен, 1995-ші жылы әзірбайжан, 1996-шы жылы татар халқытынң этномәдени орталықтары ашылды. Қазіргі таңда Достық үйінде 22 облыстық этномәдени орталық өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие береді. Орталықтың бірінші басшысы - Оралбек Малдыбаев.
Осы жерде 1993-ші жылы алғашқы демография институты да құрылған. оған профессор Николай Алексеенко жетекшілік етті. 1997-ші жылы бірнші тілдер мектептері жұмыс істей бастады. 2009-шы жылдан бері тұрақты түрде "Ассамблея Жаршысы" газеті басылып келеді. Ал, 2010-шы жылы мұнда теңдесі жоқ алғашқы этноауыл өз есігін айқара ашты.
2016-шы жылы Достық үйінің жанынан Музей де ашылған. Бір жыл өткен соң орталық ішінде медиация кабинеті жұмыс істей бастады. 2018-ші жылы бұл кабинет тұтастай Медиация орталығына айналды.
Сонымен қатар биылғы жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың шешімімен Достық үйі қоныс тойын тойлады. Ол кең де жайлы, зәулім Металлургтер сарайына көшірліді.
Достық үйі күні бүгінге дейін, әрқашан тек тың бастамалар жасап, жалпы республика көлемінде өзге Достық үйлеріне үлгі болып, жол сілтеп келді. Достық үйінің де, 26 жылды арқалаған бір мақала емес бірнеше кітапқа жүк болардай, өз тарихы бар. Өткен күндерге көз жүгірер болсақ, осы уақыт аралықта атқарылған жұмыстармен жүріп өткен жолды үлкен үш кезеңге бөлуге болады.
Достық үйі тарихындағы алғашқы кезеңді ұйымдастырушылық кезең десе де болады. Бұл кезеңге 1992 жылдан -1997 жылға аралықты жатқызуға болады. Көш бастап неміс және корей орталықтары бірінші болып құрылды. Достық үйі алғаш ашылған күннен бастап қоғамдық саяси өмірге етене араласа бастады, мақсаты мен міндеті ұлтаралық келісімді нығайту еді. Осы міндетті іске асыру мақсатында қоғамдық Кеңес құрылып, оны Оралхан Малдыбаев басқарды. Түрлі мәдени шаралар мен отырыстарды ұйымдастырып өтуіне ықпал жасады.
1995 жылы Достық үйінің бастамасымен жыл сайын өткізілетін алғашқы қайырымдылық акциясы бастау алды.
Екінші кезеңді Конституциялық кезең, Кіші Ассамблеяның заңды түрде бекуі деуге болады. Бұл кезеңде Достық үйі өзіндік түрлі жарғылармен ережелерді бекіте отырып өз жұмысын дамыта түсті. Екінші кезеңге 1998 жылдан -2013 жылға дейінгі аралық жатқызылады. Екінші кезеңде Достық үйі көршілес елдермен бірлесе жұмыс атқара бастады. 1998 жылы І «Қазақстандағы және шекаралық аймақтардағы этнодемографиялық үрдістер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Араға бір жыл салып «Еуразия шеңбері» атты халықаралық жастар Форумы өтті. Осы жылы Белорус, армян және Украин этномәдени орталықтары құрылды.
Достық үйі үшін маңызды қадам болып табылатын Белорус Республикасының Могилев облыстық атқару комитетімен ШҚО облысы әкімдігі арасындағы келісімге қол қойылды. 16 жыл бойы үздіксіз өткізіліп келе жатқан «Беловодье» халықаралық славян мәдениетінің мерекесі 2001 жылы бастау алды.
2001 жылы Достық үйінде «Қазақстанда ұлтаралық келісімді және конфессияаралық бейбітшлікті сақтаудың тәжірибесі мен әдістері» (Шығыс Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының үлгісінде) проблемасы бойынша республикалық ғылыми – практикалық конференция өтті.
2002 және 2004 жылдары Ұйғыр және «Шығыс Қазақстан облыстық поляк этномәдени орталығы» құрылып, «Ғаламдастыру: қайшылықтар, мәселелер және болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
2005 жылдан облыстық «Рудный Алтай» газетінің «Достық үйі» қосымшасы шығарыла бастады, 2009 жылдан бастап «Ассамблея жаршысы – Вестник Ассамблеи» болып өзгеріп тұрақты шыға бастады.
2010 жылы Қазақстанда теңдесі жоқ тұңғыщ этноауыл салтанатты түрде халыққа есігін айқара ашты. Қазіргі уақытта этноауыл қаламыздың көрікті жерлерінің қатарында.
Ал 2011 жылы облысымыздың Бесқарағай, Бородулиха, Зырян, Курчатов, Шемонайха аудандарында алғашқы Достық үйлері бой көтере бастады.
Осы жылы жалпы республика көлемінде алғаш рет «Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің, тұрақтылық пен достықтың бесігі» атты белорус этномәдени бірлестігінің халықаралық фестивалі ұйымдастырылды.
2012 жылы шығысқазақстандықтардың ұсынған «Достықтың жол картасы» атты бастамасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауына ие болды.
2013 жылы «Мәдениаралық толеранттылық кеңістігін қалыптастыру және жастар ортасындағы диалогты дамыту» тақырыбында тұңғыш толеранттылық мектебі өз жұмысын бастады.
Достық үйінің ел тәуелсіздігімен бірге жасап келе жатқан өзіндік тарихының үшінші кезеңі Достық үйлерінің атауына қоғамдық келісім тіркесінің қосылумен ерекшеленді. 2014-2017 жыл аралығындағы азғана уақытта аймақтағы Достық үйі қоғамдағы бейбітшілік пен татулықты насихаттауға барынша атсалысуда.
Бұл кезеңде Достық үйі дербес иниститут ретінде толық қалыптасып үлгерді. 2014 жылы Достық үйінің ұйымдастыруымен Алтай мемлекеттік университетінде «Н.Назарбаев және Қазақстандық жол» құрмет кафедрасы ашылды. Сол жылы Достық үйінде «Алтай халықтар достығының – алтын бесігі» атты халықаралық форум өтті. 2015 жылы Елбасымыздың үш тілділік саясатын насихаттауға арналған «Қазақстандағы толлеранттылық: достық немесе шыдамдылық» тақырыбындағы тұңғыш жасатар арасындағы үш тілдегі жарыссөз ұйымдастырылды.
Сонымен қатар 2016 жылғы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнінде республикада тұңғыш аймақтық «Мұражай» ашылды.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбымен халыққа жол тартқан Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті жолдауында жаңа дәуір технологияларын игеру мақсатында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру тапсырылған болатын.
Соған сәйкес «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» сайтында алғашқы «Виртуалды медиация кабинеті» ашылды.
Ширек ғасыр уақыт елімізде тұратын этностардың басын біріктіріп, ортақ үйлеріне айнала отырып, ШҚО Достық үйі еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің мызғымауына өзіндік үлесін қосып келеді.
Осыдан тура 4 жыл бұрын, 2014-ші жылдың екінші қазанында Атырауда Қоғамдық келісім және Достық үйі өз есігін айқара ашқан. Оның ішінде облыс аумағында жұмыс істейтін 17 этномәдени бірлестіктер орналастырылды. Қоғамдық келісім және Достық үйі - бұл жаңадан тұрғызылған зәулім үш қабатты ғимарат. Жанынан 140 орынға шақталған концерт залы да ашылған. Нысан құрылысына жергілікті билік 170 миллион теңге бөлген.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 02.10.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті